Даналық сөздер

Скачать

Бізді қоршаған табиғат
Танымдық сайыс
Мақсаты: 1. Оқушылардың табиғат жөнінде ой - өрісін кеңейту.
2 Білімге құштарлығын, логикалық ойлау қабілетін сөйлеу тілін дамыту
3 Табиғатты сүйе білуге, оны қорғауға, ұйымшылдыққа, өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Даналық сөздер: Біз табиғаттың иесіміз. Ол біз үшін өмірге қажетті мол байлықтың көзі. Балыққа – су, құсқа – ауа, аңға – орман және тау. Ал адамға – Отан еген сөз. ( Михаил Причивес)
Көрнекіліктер: Табиғат жөнінде даналық сөздер, суреттер
Жоспары
1 Мұғалімнің бағыттау сөзі
2 Команданың сәлемдесуі ( әр топ атын, ұранын таңбаларын қорғайды )
3 Танымдық сұрақтар
4 Жұмбақ жарысы
5 Танымдық ойындар сөзжұмбақ шешу
6 Суреттер жарысы: Табиғатты қорғау жолдарын бейнелеу
Қортынды:
Танымдық сұрақтар
Қуаң жерлердегі өсімдіктерде жапырақ орнына неге тікенек өседі? бұл өсімдіктің климатқа бейімделіп, ылғалды үнемді сіңіруге байланысты
Неліктен ағаштың басындағы жапырақтар кешірек түседі?
Түңгі гүлдер неге ақ? Жауабы: олар тозаңдандырушы жәндіктерге бірден көрінеді
Қай құс қыс бойы басын төмен салып ұйықтайды? Жауабы: жарқанат
Қай өсімдіктің жапырағы тікенек болып өзгерген? Жауабы: кактус
Қай бауырмен жорғалаушы туралы терісіне сыймаған деп айтылған? Жауабы: жылан түлегенде
Жұмбақ жарысы: (көрермендерге)
Жұмбақ айтам сіздерге
Жауабын айт көрермен
Тура тапқан адамға
Әділ баға берем мен
Отырса – жасыл
Ұшса сарғаяды
Жерге түсіп қараяды жапырақ
Ешкімнен қорықпайды
Бірақ қалтырайды терек
Ата отыр тон киіп аю
Сауыттан мықты шапаны
Жәндіктің нағыз табаны тасбақа
Төгіліп жерге ақ моншақ
Ғайып болды сол шақта - ақ қар
Капитандар сайысы: қағаз, қалам алып шығып сөздерден өлең шумағын құрастыру
1 карточка қайырымды, әдемі , жақсы көру , сақтау
2 карточка достар, болмайды, ренжіспеу, жұлу, үзу
Ән сайысы: Әр топ кезекпен бір - бір ауыздан табиғат туралы әндер орындайды
Танымдық ойындар: Табиғат туралы сөзжұмбақ шешу
Суреттер сайысы: Табиғатты қорғау жолдарын бейнелеу.
Полиглот: сұраққа жауап беріп жауабын үш тілде аудару
Мысалы: 1Өсімдіктің өсімді мүшесі жапырақ, листья, leac
2 Үй маңына ұясын жақын салатын құсты ата қарлығаш, ласточка, swallow
Сөз сөйлеу шеберлігі: ораторлық
1 Егер мен газ құбырының мұнай саласының бастығы болсам
2 Мен эколог болсам

Қорытынды:
Білсең егер, табиғатта зор мән бар,
Онда аң құс, жануарлар, орманда.
Жерің, суың, таза ауаң қажетті,
Шын жүректен сендер оны қорғаңдар!

Қазылар алқасы сайысты қорытындылайды.


Скачать


zharar.kz