Жаңақорған ауданы,
Сунақата ауылы №194 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Аяпова Динара
Үздік әдебиетші (слайд)
Мақсаты: Еліміздің мақтан тұтар тұлғаларымыздың жолын жалғастырар жас ұрпақты қалыптастыру.
І бөлім
Сен білесің бе?
1. Бұл кісі Алтын Орданың Сарай қаласында туып, Египетті Қыпшақ нәсілді Бейбарыс билеп тұрған кезде білім іздеп сонда барған. Бұл кісінің атақты “Түрікше Гүлстан” атты кітабы бар.
Осы кісінің есімін атаңыз. (Сәйф Сарай)
2. Бұл кісі 1818 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында дүниеге келген. Ақын 63 жасында қазіргі Қарағанды облысының Шет ауданында қайтыс болған. Оның “Зар заман” атты өлеңдер топтамасы бар. Бұл қай ақын? (Шортанбай Қанайұлы)
3. Өзінің құрылысы жағынан болсын, көркемдігі жағынан болсын қазақтың ақындар айтысының ішіндегі ең үздігі қалай аталады? (“Біржан мен Сара” айтысы)
4. Ол 1803 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданындағы Бектай құмы деген жерде дүниеге келген.
Ол 1836 – 1838 жылдары Бөкей ордасында болған көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі, жауынгер ақын. Бұл кім? (Махамбет Өтемісұлы)
5. Бұл кісі 1815 жылы Алатау бөктеріндегі Алматыға жақын Қарақыстақ ауылында Бұлақ деген жерде туған. Ол ХІХ ғасырдың атақты айтыскер ақыны ретінде бүкіл алты алашқа белгілі болған.
Оның “Бөрілі менің байрағым”, “Төрелерге”, “Болыстарға баға” және т. б көптеген өлеңдері бар.
(Сүйінбай Аронұлы)
6. Қазақтың ұлттық әдебиетінде ең алғашқы роман жазған ұлы қаламгер. (Міржақып Дулатұлы)
7. Ол 1894 жылы қазіргі Қарағанды облысының Жаңаарқа деген ауылында дүниеге келген. Оның “Көкшетау”, “Оқжетпес”, “Альбатрос”, “Сөветстан” сияқты поэмалары бар. Бұл тұлғаның аты кім? (Сәкен Сейфуллин)