Сөздердің аудармасын дұрыс табыңдар

Скачать

Солтүстік Қазақстан облысы,
Тайынша қаласы, №1 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Шаяхметова Р. С.

Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың берілген тақырып бойынша алған білімдерін пысықтап қорыту. Өз беттерінше жұмыс жасай білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, ой - өрістерін кеңейту. Сөздік қорларын байытып, тілдік мәдениеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелілік: тәрбиелік мақсатта әңгімелер айту, отбасына деген сүйіспеншілікті, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу керектігі жайлы сөз қозғау.
Сабақтың түрі: нәтиже сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, тест
Сабақта қолданылатын жабдықтар: оқулық.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Сынып сабаққа дайын ба?
- Көңіл - күйлерің қалай?
II. Үй тапсырмасын тексеру:
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Тапсырманы дерлік орындадық па?
- Олай болса, үй жұмысын тексерейік. (тапсырманы жалпылай сұрақтармен және жекелеп сұрап шығу)
III. Жаңа сабаққа даярлау:
- Біз қандай модульді аяқтадық?
- Бұл модульде қандай жаңа сөздермен таныстық?
IY. Нәтиже сабақ:
I. Тест сұрақтарына жауап беріңдер
1. Зат есім деген не?
А) заттың атын білдіретін сөздер
Ә) заттың сынын білдіретін сөздер
Б) заттың түрін, түсін білдіретін сөздер
2. Мақалдың жалғасын табыңдар.
..... – ең қымбат мирас.
А) денсаулық
Ә) білім
Б) әдеп
3. Сұраулық шылауларды жазып, кестені толықтыр.
4. Атау септігі қандай сұрақтарға жауап береді?
А) кім? Не?
Ә) кімнің? Ненің?
Б) кімге? Неге?
5. Сөздердің аудармасын тап.
Ақыл -....
Үлгі -...
Мейір -...
Сыпырғыш -...
Шаң - тозаң -...
Шүберек -...
6. Жалқы есімді табыңдар.
А) өзен
Ә) Дәулет
Б) ауыл
7. Сөздердің аудармасын дұрыс табыңдар.
Әділ болу – остановка
Көмектесу — место
Сабырлылық — быть справедливым
Қол ұшын беру — милый
Мейірімділік – будь счастлив
Аялдама - сдержанность
Бақытты бол - доброта
Орын – помогать
Айналайын – поддержать
8. Тәуелдік жалғауы бар сөзді белгілеңдер.
А) ауылдың маңы
Ә) қалың кітап
Б) сенің мектебің
9. Толықтырып жазыңдар.
Баланың бас ұстазы -....
А) ата - ана
Ә) ата
Б) мұғалім
10. Модульдегі Тазалық өлеңінің авторы кім?
А) Қ. Мырзалиев
Ә) Т. Молдағалиев
Б) Ф. Оңғарсынова
II. Бақылау сұрақтарына жауап беріп, тапсырмаларды орындаңдар.
1. Жалқы есімдер деп қандай зат есімдер аталады?
2. Тәуелдік жалғау деген не?
3. Бір зат есімді жекеше, көпше түрде тәуелдеңдер.
4. Сұраулық шылауды қатыстырып, мысалдар келтіріңдер.
5. Ата – анаға қандай көмек бересіңдер? Әңгімелеп беріңдер.
YI. Рефлексия.
YIII. Сабақты қорытындылау


Скачать


zharar.kz