Алгоритмдер және оны орындаушылар (слайд)
• Ұйымдастыру.
• Оқушылармен сәлемдесу;
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Алфавиттің алғашқы бес әріпі І топ, келесі бес әріп ІІ топ, келесі бес әріпі ІІІ топқа бөлінеді.
Топтың ережесі
1. Бір - бірімізді тыңдаймыз
2. Уақытты үнемдейміз
3. Топ мүшелерінің пікірімен санасамыз
Дөңгелектерден пирамиданы қалай құрастырамыз?
Ыдыс жуып көр
1. Раковинаға ыдыстарды жинап саламыз.
2. Краннан суды ағызамыз.
3. Ыдысты жуамыз.
4. Кранды жабамыз.
5. Қолымызды сүрткішке сүртеміз.
Берілген іс - әрекеттің реттелген жолын АЛГОРИТМ деп атаймыз.
Қазіргі кезде алгоритм ұғымы тек математикалық есеп шешу әдісімен ғана шектелмейді. Оның мағынасы әлдеқайда кең. Әрбір компьютер алдын ала берілген алгоритммен, яғни жоспарлы жұмыс істейді.
Мысалы, сабаққа бару алгоритмі: ояну, жуыну, жаттығу жасау, ас ішу, киіну, сабаққа бару.
Дымбілмеске допты бояп үйретейік
Допты бояу Алгоритмін құрастырайық
Сары түсті қылқаламды алып
Допты сары түспен бояймыз
Жасыл түсті қылқаламды алып
Допты жасыл түспен бояймыз
Көк түсті қылқаламды алып
Допты көк түспен бояймыз
Қызыл түсті қылқаламды алып
Допты қызыл түспен бояймыз
Іс - әрекетті орында ойыны
1. Конфетті аламыз.
2. Конфетті ашамыз.
3. Конфетті жейміз.
4. Қағазын қоқысқа
тастаймыз.
5. Бітті.
Дымбілмеске алманы қалай жеу керектігін үйрет. Алгоритм құрастыр.
Алманы жеу алгоритмі
1. Алманы аламыз
2. Алманы жуамыз
3. Алманы жеп
4. Қалғанын қоқысқа саламыз
5. Бітті
Тапсырма. Буратиноға алтын теңгелерді ғажайып алаңға жасыруға көмектес.
Шұңқыр қазамыз
Шұңқырға теңгелерді саламыз
Шұңқырды топырақпен көмеміз
Су құямыз
Крекс, фекс, пекс сиқырлы сөзін айтамыз
Бітті