Мемлекет сөзін септеу

Скачать

4 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан – менің Отаным

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасы туралы мағлұмат беру, шығыс септігі туралы түсіндіру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу дағдыларын, ойлау қабілеттер дамыту, сөздік қорларын байыту, ой - өрістерін арттыру.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін арттыру, өз туған жерін, елін құрметтеуге баулу.

Сабақтың типі:Дәстүрлі сабақ
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: Әңгімелеу, қайталау, түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: Сабақтың тақырыбын ашатын презентация, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:
- cәлемдесу;
- сұрақ – жауап ұйымдастыру;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ:
1. Қазақстан Республикасына байланысты суреттерді көрсетіп (интерактивті тақтада), әңгімелесу.

2. Жаңа сөздермен жұмыс:
тәуелсіз – независимый
тұрамыз – живем
бас қала – главный город
мемлекеттік – государственный
қонақжай – гостеприимный
Сөздерді дауыстап, жеке - жеке оқыту;
Сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құру.
Мысалы: Қазақстан, тұрамыз, Тәуелсіз ел, Біз тұрамыз, мемлекет

Біз Қазақстанда тұрамыз.
Біз тәуелсіз Қазақстанда тұрамыз.

3. Мәтінмен жұмыс: Қазақстан – менің Отаным.
Біз Қазақстанда тұрамыз. Қазақстан – біздің Отанымыз. Ол – тәуелсіз мемлекет.
Қазақстан Республикасының Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Республикамыздың бас қаласы – Астана.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстан – өзінің салт - дәстүрі, мемлекеттік рәміздері бар ел. Қазақ халқы – қонақжай халық.
Мәтінді мұғалім оқиды;
1 - 2 оқушыға оқыту;
1 сөйлемнен оқып, аудару;
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру;
4. Грамматикалық тақырыпты түсіндіру:
1) Мәтіннен септік жалғаулары бар сөздерді тауып, оқыту. Қай септіктің жалғауы екенін айту.
2) Шығыс септігі туралы түсіндіру

ШЫҒЫС СЕПТІК
Сұрақтары: Жалғаулары:

Кімнен? - нан, - нен;
Неден? - дан, - ден;
Қайдан? - тан, - тен.

3) Келесі сөздерге шығыс септігінің жалғауларын жалғап жазғызу:
Қазақстан, Астана, халық, Отан, мемлекет, қала.
5. Кім көп сөз ойлап жазады? ойынын ойнау.
Қазақстандықтардың сөзінде қандай сөздер жасырынған? Кім екі минутта көп сөз ойлап жазады?
(Сөздерін оқытып, жеңімпазды атау)

ІV. Сабақты қорыту:
Мәтінге сүйеніп тірек - сызба құру
Қазақстан

Тәуелсіз мемлекет
Біздің Отанымыз
Туған жеріміз
Бас қаласы – Астана

V. Үй тапсырмасы:
- жаңа сөздерді жаттау;
- тірек сызбаны жаттау;
- Мемлекет сөзін септеу;
- Шығыс септігін қайталау.
VІ. Бағалау.


Скачать


zharar.kz