Оқыту үрдісіндегі жаңа инновациялық технологияларды география сабағында қолдану тиімділігі

Скачать

Оқыту үрдісіндегі жаңа инновациялық технологияларды география сабағында қолдану тиімділігі.

Өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс
Н. Ә. Назарбаев.
Қазақстан Республикасының 2015 - жылға дейінгі Білім беруді дамыту тұжырымдамасында: Орта білім берудің мақсаты – терең білім, кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін – өзі іске асыруға, өзін – өзі дамыту және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру деп көрсетілген [1, 4б].
Осыған байланысты білім беру сапасы бойынша басты назар адамның алған білімін қолдануына қажетті және үздіксіз оқуға мүмкіндік беретін біліктер мен дағдыларды қамтитын сапалы білім беру жүйесін құруға бағытталуы қажет. Оқу үрдісін сапалы, әрі тиімді өткізудің басты алғы шарттарының бірі - әр түрлі инновациялық технологияларды ұтымды пайдаланып сабақ беру болып табылады. Қазіргі заманда әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет. Жас ұрпаққа білім беру жолында жаңа технология түрлерін оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
География пәнін оқушыларға оқытып үйретуде мұғалім үнемі өзінің ой – өрісін кеңейтуге, біліміне білім қосуға тиіс және оқытудың жаңа технологияларын меңгеруі қажет. Түсіндірме сөздікте: Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы делінген


Скачать


zharar.kz