Ақпарат тасығыштар

Скачать

Компьютердің қосымша құрылғылары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Компьютердің қосымша мүмкіндіктері туралы толық мағлұмат бере отырып, оларды іс жүзінде пайдалануды үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық – абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, интер. тақта, электронды оқулық
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Сабақты бекіту.
5. Үйге тапсырма беру.
6. Бағалау.
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
• Компьютердің негізгі құрылғыларын ата?
• Пернетақта дегеніміз не?
• Пернетақтада қанша пернелер бар?
• Монитордың қызметі қандай?
• Компьютердің түрлерін ата?

Сергіту сәті:
Оқушыларға сурет қиындыларын таратып, оларды құрастыруды сұраймын. Құрастыра отырып сурет бойынша топқа бөлінеді. Суретте ненің суреті бейнеленгенін сұрау арқылы бүгінгі жаңа тақырыпты ашып аламын.
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Компьютердің қосымша мүмкіндіктері:
Қосымша құрылғылар – компьютердің жүйелік блогына қосымша жалғанатын құрылғылар. Олардың жүйелік блоктың сыртына да, ішіне де қосуға болады.
Компьютердің қосымша құрылғыларына дыбыс колонкалары, микрофон, принтер, сканер, модем, және т. б. жатады.
Дыбыс колонкалары – дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы.
Принтер - ақпаратты компьютерден қағазға басып шығаруға арналған құрылғы. Заманауи принтерлер басып шығару тәсіліне қарай лазерлік және бүріккіш болып бөлінеді.
Бүріккіш принтерлер қағазға бояулардың көмегімен басып шығарады. Бүріккіш принтерлер, әдетте, түрлі түсті болып келеді. Бояу картридждердің ішінде құюлы болады. Әртүрлі принтерлерде әртүрлі картридж саны болуы мүмкін. Әдетте екі немесе төрт картридж болады. Фотосуреттерді басып шығаратын бүріккіш принтерлер де бар. Қайсыбір фотопринтерлерді компьютердің қатысуынсыз тікелей фотоаппараттық немесе ұялы телефонға қосуға болады. Бүріккіш принтерлердің немесе ұялы телефонға қосуға болады. Бүріккіш принтерлердің кемшілігі – қымбатқа түседі, басылым ұзақ сақталмайды.
Лазерлік принтерлер түрлі түсті және ақ - қара болып бөлінеді. Лазерлік принтерлер лазер сәулесінің көмегімен басып шығарады. Лазер сәулесі картриджден қағазға жететін тонерді пісіріседі. Лазерлік принтерлер бүріккіш принтерлерден басып шығару жылдамдығы жоғары, ал басылған парақтың өзіндік құны төмен болғандықтан лазерлік притерлерді әртүрлі ұйымдарда пайдаланады. Бүріккіш принтерлер сияқты, лазерлік принтерлердің де картридждер тонермен толтырылған.
Сканер – мәтіндік және графикалық ақпаратты қағаздан компьютерге енгізу құрығысы. Сканердің көмегімен мәтіндерді қағаздан мәтіндік редакторға, фотосуреттерді – бейнелерді өңдеу программаларына аударады.
Көп функционалды құрылғылар – бір құрылғыдағы принтер, сканер, копир. Аталған функциялардың бәрін жүзеге асыруға арналған. Мұндай құрылғылардың ерекшелігі – оларды компьютерсіз де көшірме жасау құрылғысы ретінде қолдануға болады. Сондай ақ мұндай функциялар шоғырланған құрылғылар бүріккіш те, лазерлік те болуы мүмкін.
Модем – компьютерде жай телефон желісіне қосуға арналған құрылғы. Модем әдетте компьютерге Интернет желісінде орнатылады.
Ақпарат тасығыштар:
• Қатты диск (винчестер)
• Жұмсақ диск (дискета)
• Лазрелік дисілер (CD, DVD)
• Флеш – жады
Тасығаштарда ақпарат компьютерге ыңғайлы түрде – сандық форматта сақталады.. Адам тасығыштағы ақпаратты компьютердің көмегінсіз ажыратып оқи алмайды.
Ақпарат тасығыштардың негізгі көрсеткіші – олардың сыйымдылығы.
Сыйымдылық – тасығышта сақталатын ақпараттың шектік сандық мөлшері.
Ақпарат тасығыштардың әрбір түрін толығырақ қарастырайық.
Қатты диск – үлкен көлемді деректер мен программаларды ұзақ уақытқа сақтайтын негізгі құрылғы.
Егер қатты дискіні бөлшектенген жағдайда қарайтын болсақ, онда оның бір диск емес екенін түсінеміз. Қатты дискі балалар үшін бір шыбыққа өткізіліп жасалған ойыншық пирамида сияқты бірнеше металл дискілерден тұрады. Әрбір диск бетінің үстінде деректерді оқитын және жазатын тетік орналасады.
Дискета – шамалы көлемді деректерді көп қайтара жазып, сақтау үшін қолданылатын тасымалданатын магниттік ақпарат тасығыш. Тасығыштың бұл түрі әсіресе 1970 - 1990 жылдардың басында кеңінен таралды.

Сабақты бекіту сұрақтары:
 Қандай құрылғыларды қосымша құрылғылар деп атайды?
 Компьютердің қосымша құрылғыларын ата?
 Дыбыс колонкалардың қызметі қандай?
 Принтердің атқаратын қызметі?
 Принтердің неше түрі бар?
 Сканер қандай құрылғы?

Үйге тапсырма: Компьютердің қосымша мүмкіндіктері.
Бағалау:


Скачать


zharar.kz