Атырау облысы КМҚ
Қызылқоға аграрлы – техникалық колледж кәсіпорыны
Оқытушысы: Ғабдуллина Ақмарал Қазиқызы
Тақырыбы: Сорпа дайындау
Сорпа дайындау
Сүйектен дайындалатын сорпа
Ет - сүйектен дайындалатын сорпа
Құстан дайындалатын сорпа
Балық сорпасы
Сорпа дайындау тақырыбына тұздық немесе есте сақта
• Сорпаны дәмді етіп пісіру үшін етті салқын суға салып асу қажет. Сонда еттің барлық дәмі де, нәрі де сорпаға шығады, ал ыстық суға салып асса, еттің нәрі өзінде сақталып қалады.
• Сорпа дайындауға ет болмай қалса, көкөніс және картоп қайнатындысын пайдалануға болады.
• Сорпа бір қайнағаннан кейін әлсін - әлсін көбігін ала отырып, отты басыңқырап қойып пісіру керек.
• Ет пісіп, кезекті өнім, яғни макарон салғаннан кейін қазанды қатты қайнату керек.
• Көкөніс сорпасы тым сұйық болса, шала қуырылған ұн салып, былғап жіберу керек.
• Сорпа тым майлы болса, құрт езіп құю керек. Ол сорпаның да, сондай – ақ басқа да тоқ тағамдардың сіңімділігін арттырады.
• Ет пен бас - сирақты бірге асуға болмайды. Өйткені ет құйқа татып кетеді. Құйқаны біреу ұнатады, біреу ұнатпайды.
• Етті қазанға саларда мұқият қарап, бездерді кесіп тастаған жөн. Өйткені без түрлі аурудың ошағы.
• Еттің тағамдық құндылығын көтеретін оның құрамындағы белоктық заттар. Ал сол белоктың негізгі бөлігі бұлшық етте болады.
• Шикі жұмыртқаны сорпаға қосардан бұрын жарты кесе салқын суға немесе қалқып алынған сорпаның бетіне езіп алса, түйіршіктенбей тарап кетеді.
• Балық сорпасына қияр тұздығын құйып, араластырса өте дәмді болады.
• Балықты буға пісірсе, оның қоректік құндылығы мен құрамындағы витаминдер жақсы сақталады.