Дара жарнақтыларға жататын тұқымдастар

Скачать

Танымдық сайыс (слайд)
Мақсаты:
Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін, зейінмен логикалық ойлау жылдамдықтарын, дүниетанымдарын, ой - өрістерін дамыту, биология пәніне қызығушылықтарын арттыру.
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер – деп,
Сайыстың шарттарымен таныс болыңыздар!

І кезең Таныстыру
ІІ кезең Зымыран сұрақтары
ІІІ кезең Сандар сөйлейді
IV кезең Білім минуты (биологиялық диктант)
V кезең Сәйкестендіру тесті
VI кезең Логикалық сұрақтар
VII кезең Үй тапсырмасы (Таза болса табиғат, аман болар адамзат шығарма)
VIII кезең Адасқан әріптерді құрастыр

Сайысқа қатысушылар:
Раушан тобы 6 А
Бәйшешек тобы 6 Б
Қызғалдақ тобы 6 В

Асыл тастан, өнер жастан шығады,
Ақылды адам бір айтқаннан ұғады.
Халық айтса, қалт айтпайды дегендей,
Баға берер әділқазы құрамы.
Ендеше, әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!

Жасыл желек жердің сәні саялы,
Қамқор болсаң жапырағын жаяды.
Мейіріммен жылуын арна жүректің,
Соған қоса алақан керек аялы.
Өсімдік - өмір тірегі, талас бар ма?
Тіршілік өсімдіксіз жарасқан ба?

1. І кезең. Таныстыру.
Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түскен сайыскерлер кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе деймін.
Сайыскерлер өздерін таныстырады.

Ұраны:
6 А Раушан тобы
Жасыл әлемді қорғайық,
Гүл мен шөпті жұлмайық.

6 Б Бәйшешек тобы:
Бәйшешек тобы алға,
Биіктерге самға.

6 В Қызғалдақ тобы:
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.

II кезең
Зымыран сұрақтары
I топ
Өсімдіктер әлемін зерттейтін ғылымды не деп атаймыз?
Өсімдіктің жер асты мүшесі
Гүлдің құрылысын ата
Гүлді өсімдіктер неше класқа бөлінеді, қандай?
Шымтезек түзетін өсімдік
Жабық тұқымдылар қандай өсімдіктер?
Мүктер қандай сатыдағы өсімдіктерге жатады?
Жалаңаштұқымдыларға қандай өсімдіктер жатады?
Фотосинтезде хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған ғалым
Қос жарнақтыларға жататын тұқымдастар.

ІІ топ
1. Өсімдіктерден дәрінің қанша пайызы дайындалады?
2. Дара жарнақтыларға жататын тұқымдастар.
3. Қандай жемістің қабығы қатты сүректенген?
4. Өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек не деп аталады?
5. Алма қандай жемісті?
6. Гүлсеріктің атқаратын қызметі.
7. Комбиден кейінгі қабат.
8. Бір жыл ішінде пайда болған сүрек қабаты.
9. Түрі өзгерген өркен.
10. Мүктің тамыр қызметінде атқаратын жіпшесі.


Скачать


zharar.kz