Сабақтың тақырыбы Г г дыбысы мен әрпі
Мақсаттары:
Білімділік: Г дыбысы мен әрпін оқуды жалғастыру. Г дыбысы арқылы берілген сөздерді оқыту, жазуға үйрету.
Дамытушылық: Ойлау қабілеті мен дүниетанымын кеңейту. Шығармашылық жұмыс жасай отырып, сөздік қорын молайту. Тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, буындар, Ақан Серінің суреті.
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап.
Түрі: аралас, қайталау сабақ.
Пәнаралық байланыс: музыка, дүниетану.
Сабақтың барысы:
1. Кіріспе қызықтырушы кезең:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
- балаларды түгендеу
- сабаққа назарын аудару.
2. Өткен сабақты пысықтау.
- Дыбыс деген не? ( Естиміз, айтамыз )
- Дыбыс нешеге бөлінеді? (2 - ге )
- Дауысты дыбыстар қалай айтылады? (созылып )
- Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? (қысқа)
- Әріп деген не? (Айтамыз, көреміз, жазамыз )
- Өткен сабақта қандай әріп өттік? (Г әрпі ).
Г дыбысы туралы білетіндерін сұрау.
- Г дыбысы қандай дыбыс?
- Қалай айтылады?
- Не арқылы жасалады?
- Сөздің қай жерінде кездеседі?
Кім шапшаң ойыны
Г дыбысы сөздің басында кездесетін сөздерді айтқызу.
Г дыбысы сөздің ортасында кездесетін сөздерді айтқызу.
Үй тапсырмасын тексеру үшін 2 баладан тақтаға шығарып, сөздер жаздыру.
Сөзді буынға бөлдіру, дыбыстық талдау жасату.
Дауысты, дауыссыздарды сыздыру.
Мысалы: гүл, шеге, егін.
- Көгершін туралы білетіндерін айтқызу.
- Көгершін не? (құс)
- Қандай құс? (бейбітшілік )
- Құстарға қамқорлық жасау туралы айту.
Сергіту сәті. Ақ көгершін әнін айтқызу.
ІІІ Жаңа сабақ.
Оқулықпен жұмыс.
1. Оқулықтағы 1 - қатардағы сөздерді түсіндіру (тоқталу). К - ден кейін дауысты дыбыс
жалғанса, к дыбысы гдыбысына айналады.
Мысалы:
Тірек – тірегі ілгек – ілгегі
Білек – білегі етек – етегі
Шелек - шелегі жәшік - жәшігі
Әр сөзді оқыту, түсіндіру.
2 - бағандағы сөздерді оқыту.
Бәйге – жарыс, ат жарыс.
Мәре – жарысқа бірінші болып жету, мәре сызығы
Мерген – атқанда дәл тигізетін адам.
Ертегі - әңгімелесу айту.
Жүгері - өсімдік.
Жүген – ат әбзелі.
Шеген, Төлеген – адамның есімі.
Ақан сері мәтінін оқу, түсіндіру, мағлұмат беру.
Ақан - әнші, ақын.
Ақан – Солтүстік Қазақстан обл. Айыртау ауд. Қоскөл ауылында дүниеге келген. Сері
деп айтатын себебі, қосымша өнерін, ауылдарды жинап алып, бір ауылдан екінші
ауылға барып өнерлерін көрсеткен, сондықтан сері деп атаған.
Ақан сері мәтінін түсіндіру.
Сұрақ – жауап аркылы мәтінді әңгімелеу.
- Ақан кім? (ақын, әнші)
- Қандай тұлпары болған? (Құлагер)
- Бүркіті қалай аталады? (Қараторғай)
- Бүркіт туралы не шығарған? (ән)
Мәтінді оқыту.
- 1 оқушыға дауыстатып оқыту.
- Тізбектей оқыту.
Ойын. Ребус шешу.
нар ден
жан нұр
Сөйлем құрастыру
Гүл суретін көрсету арқылы сөйлем құрау.
І қатар 1 сөз Гүл.
ІІ қатар 2сөз Гүл өсті.
ІІІ қатар 3 сөз Гүл далада өсті.
ІV. Дәптермен жұмыс
Көгершін, Құлагер.
V. Қорытынды - Рефлекциялық кезең.
Бекіту.
Қандай дыбыспен таныстық?
Г дыбысы қандай дыбыс?
VІ. Үйге тапсырма: Г дыбысы мен әрпі