Жезқазған қаласы,
Жалпы орта білім беретін 1 орта мектебі КММ
бастауыш сынып мұғалімі Жандаулетова Кызғалдак Жангазыевна
Сауат ашу 1 сынып
Тақырыбы: С дыбысы мен әрпі
Мақсаты: Оқушыларға с дыбысының айтылу, жазылу ерекшелігін түсінеді. Қатаң дауыссыз дыбыс екенін аңғарады. Буындап немесе тұтас оқу машығын дамытады. Өз ойын еркін жеткізуге үйренеді.
- Оқушылардың ой - өрісін дамыту, сөздік қоры молаяды. Сауатты жазуға, жазу каллиграфиясын сақтауға төселеді.
Оқушылар шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке, әдептілікке тәрбиеленеді.
Көрнекілігі: жеке суреттер, с әрпінің баспа және жазба түрлері, электронды оқулық
Сабақ түрі: (СТО) технологиясы
Әдіс - тәсілдер: топтастыру, сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік, әңгімелеу,
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа даярлау
Психологиялық дайындық
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады маған да.
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады саған да.
Шуақ пен нұр төгіп
Көңілді кетті көтеріп.
І Қызығушылықты ояту
- Б дыбысы қандай дыбыс?
- Дауыссыздың қай түріне жатады?
Адасқан буындар ойыны (буындардан сөз құрау)
Оқушыларға жұмбақ жасыру:
Білезікке қарайық, ұқсайды оған қай әріп? (С)
Тілдерімен жүреді.
Уақытты біледі. (Сағат)
Сағат сөзі қай дыбыстан басталып тұр? Айтып көрейікші.
Ендеше біз бүгін С дыбысымен танысамыз.
(Тақтадағы суреттермен жұмыс жүргізу)
ІІ Мағынаны тану сатысы
С - дауыссыз, қатаң дыбыс екенін мысалдар келтіріп, түсіндіру.
Ережені хормен және жекелей айтқызу.
Оқулықпен жұмыс
Оқулықтағы буындар мен сөздерді оқып, талдау.
Сөздерді буынға бөлгізу, сөйлемдер құрату.
С дыбысының сөздің басында да, ортасында да, соңында да кездесетінін түсіндіру.
Оның дауыссыз, қатаң екенін мысалдар келтіріп, дәлелдеу.
Ережені хормен және жеке - жеке айтқызу.
Мәтінді оқу, талдау
Саймандар
Балға – сайман. Балта сайман. Ара - сайман. Балға, балта, ара - саймандар. Атамда балға да, балта да, ара да, бар.
Дәптермен жұмыс
Үлгі дәптердегі тапсырманы жазғызу.
С әрпінің жазба түрін және С дыбысына байланысты сөздерді жазу.
(дәптерге жазу ережесін ескерту)
Сергіту сәті
Бас бармақ, қойды баға қой,
Сұқ саусақ, шөпті шаба ғой,
Ортан қол, суға бара қой,
Аты жоқ қолға жұмыс жоқ,
Шынашақ ұйықтап қала ғой.