Атырау облысы, Атырау қаласы, Томарлы селосы,
Қ. Смағұлов атындағы орта мектептің
химия және биология пәндерінің мұғалімі
Ислямова Лязат Темиржановна
9 сынып
Тақырыбы: Кальций және оның маңызды қосылыстары
Мақсаты: 1. Кальцийдің периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы, физикалық, химиялық қасиеттері жөнінде оқушыларға мағлұмат беру;
2. Кальций және оның қосылыстарының химиялық қасиеттерін жаза білуге үйрету;
3. Кальцийдің адам өміріндегі маңызы жайлы мағлұмат беру;
3. Металдар тақырыбы бойынша білім деңгейлерін одан әрі дамыту
Күтілетін нәтижелер
1. Кальций және оның қосылыстары туралы негізгі ақпаратты біледі;
2. Химиялық қасиеттеріне теңдеулер жаза алады;
3. Алған білімдерін жаттығулар мен есептер шығаруда қолдана алады.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақта қолданылған әдіс - тәсілдер: СТО әдістері, топтық жұмыс, оқулықпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: сызбанұсқа, кесте, слайдтар, постерлер, маркер, парақшалар, стикерлер, қажетті реактивтер мен құрал - жабдықтар
Сабақтың барысы:
Мұғалім әрекеті
Ұйымдастыру 1. Оқушылармен амандасу
2. Психологиялық ахуал туғызу
(Сыныпты гүлдермен топтарға бөлу)
Үй тапсырмасын сұрау Қызығушылығын ояту
Гармошка әдісі (Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру)
Сергіту Жасырын сурет Әр топтан бір оқушыны ыстық орындыққа шақырып, сырт жағынан суретті жасырын көрсетіп, қызықты сұрақтар қойылады
Жаңа сабақ
Мағынаны тану
Бәрін білгім келеді...
(Жаңа тақырыппен танысу)
Кальций - ІІ топтың негізгі топшасында орналасқан сілтілік жер металдарына жатады. Суда ерігенде сілті түзеді. Кальций атомының сыртқы энергетикалық деңгейінде 2 электрон бар:
+20Са 2е 8е 8е 2е.
Табиғатта кездесуі: жер қыртысындағы мөлшері бойынша 5 - орында, ал массасы бойынша - 3, 6%.