Екі өрнектің қосындысының кубы және айырмасының кубы тақырыбына есептер шығару
Алгебра 7 сынып
Мақсаттары:
Білімділік: Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырмасын көбейткіштерге жіктеу формуласын білу, мәнін түсіну, дәлелдей білуі
Дамытушылық: Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырмасын жіктеу формуласын практикада дұрыс қолдана білуі, есептеу жылдамдықтарын арттыру, ой өрістерін дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ізденуге, еңбектенуге, сауаттылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Сабақтың жоспары:
1) Мотивациялық кезең: түгендеу, сабаққа ынталандыру
2) өткен тақырыпты қорытындылау
Ой қозғау Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап. (Ауызша сұрақтар )
1. Екі өрнектің қосындысының квадратының ережесін айтыңдар?
2. Екі өрнектің қосындысының квадратының формуласын жазыңдар?
3. Екі өрнектің айырмасының квадратының ережесін айтыңдар?
4. Екі өрнектің айырмасының квадратының формуласын жазыңдар?
5. Екі өрнектің айырмасы мен қосындысының көбейтіндісін табудың ережесін айтыңдар.
6. Көпмүшелерді көбейту ережесін айтыңдар?
7. Екі өрнектің кубтарының айырмасы мен қосындысы формуласы?
4) Практикалық бекіту. Есептерді шығару
ОҚО, Кентау қаласы,
Б. Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебі
Устемирова Батия Бектемірқызы