ТОҚМАҒАМБЕТОВ Асқар

Скачать

ТОҚМАҒАМБЕТОВ Асқар (19.09.1905, қазіргі Қызылорда обл., Тереңөзек ауд., 18-партсъезд атынд. совхоз, -21.08.1983, Қызылорда қ.) - ақын, жазушы. Москва полиграфия институтын бітірген (1930-32). "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас алаш") (1927-30), "Ле-нин жолы" (Қызылорда, 1933-34), "Қазақ әдебиеті" (1934-35), "Соц. Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") (1937-1944) газеттерінде, "Ара" журналында қызмет істеді. Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент (1935-37), Қызылорда (1944-52, 1957-62) облысаралық бөлімшелерінің жауапты хатшысы болды. 1925 ж. "Ленин суретіне" атты өлеңі тұңғыш рет "Еңбекші қазақ" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінде жарияланды. Алғашқы өлеңдер жинағы ("Еңбек жыры") 1928 ж. шықты. Таңдамалы шығармаларының жинақтары (1932, 1933, 1945, 1953, 1957, 1962, 1965, 1975) жарық көрді. Асқар ақындық жолының алғашқы кезеңінде (1925-30) Отан қорғау, интернационализм тақырыбына арналған шығармалар жазды. Отан соғысы жылдарында жауынгерлердің майдандағы ерліктерін, халықтар достығы, соғыстан кейінгі жылдарда бейбіт өмір тынысын өз шығармаларына арқау етті. Т. қазақ поэзиясында поэма жанрын дамытуға елеулі үлес қосқан ақын. Оның поэмаларын та-қырыбы, түрі жағынан төрт топқа белуге бола-ды: колхоз, ауыл өмірі ("Хат", "Бақыт кілті", "Қас-келең", "Өмірге жол", "Агроном көктемі" т. б.); елімізге еңбегі сіңген тарихи адамдарға арна-лған ("Батыр Әли", "Ақын тағдыры", "Кремль сақшысы" т. б.); Отан қорғау, ерлік, патрио-тизм тақырыбы ("Ажалды жеңген алыптар", "Батырлар дастаны", "Уборщица" т. б.); халытар. интернационализм тақырыбы ("Берлин көшесінде", "Испания", "Қараңғытүнде", "Рейн жағасында" т. б.). Ақын лирикасының бір сала-сы - 1930-40 жылдары жазылған "Біздің Сәуле", "Қош аман бол", "Бәтиманың хаты", "Күт мені", "Сүйген жарға" т. б. әнге арналған өлеңдері. Т. проза жанрында да жемісті еңбек етті. Ы. Жақаев өмірін бейнелейтін "Қыран түғырдан үшады", Қазан революциясының қар-саңындағы ауыл өмірін суреттейтін "Ақмоншақ" (0. Бодықовпен бірге) повестерін жазды. Қара-тау мен Сыр еңірі қазақтары тұрмысынан жа-зылған "Әке мен бала" романын кейін қайта толықтырып, "Қарбаласта" (1975) деген атпен жариялады. Т. - 19 ғ-да өмір сүрген қазақ ақын-дары туралы "Жыр күмбезі" (1975) атты тарихи романның авторы. Ақын творчествосының ар-найы қарастыратын саласының бірі - оның са-тирасы. Алғашқы сатиралық өлеңдер жинағы "Күлкі-сықақ" 1929 ж. басылды. Содан бері бірнеше сатиралық өлеңдері мен фельетондар жинақтары жарық көрді. Қазақ кеңес әдебиетінде сатиралық поэзия негізін қалау-шы және оны қалыптастырып, дамытушылар-дың бірі болды. Мысал жанрының дамуына елеулі үлес қосты. Т. "Әзірет Сұлтан", "Сема-фор ашық", "Екі заң" атты драмалық шағырма-лар, "Бәріміз де сондай болсақ" киносценарий де жазды. С. Айнидің "Қүлдар" романын қазақ-шаға аударды (1953). Октябрь Революциясы, 1-дәрежелі Отан соғысы, 3 рет Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.


Скачать


zharar.kz