Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

Скачать

Мақсаты:
Білімділік: 1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
1.2.1.2. Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру.
1.2.1.2. Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу) қолдану.
Дамытушылық: Ой - өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыпты, таза жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: топқа бөлу, жаңа сабақты түсіндіру
Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелі карточкалар, оқулық, тақта.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, класс тазалығына көңіл бөлу. Оқушыларды түгендеу. Сабаққа дайындау.
Топқа бөлу: машина, доп, автобус суреттерін пайдаланып бөлу
1 - топ. Машина суреттерін алған оқушыларға
2 - топ. Доптың суреттерін алған оқушыларға
3 - топ. Автобустың суреттерін алған оқушыларға
Психологиялық дайындық: Әр топта Шаттық шеңбері құрылады. Бір - біріне сәттілік тілейді.
II. Өткенді пысықтау. Балалар, алдыңғы сабақтарда қандай дыбыс түрлерімен таныстық?
Әр топ оқушыларына сөздер бөлініп беріледі, сол сөздерді дұрыс оқу керек.
Ана, нан, на ал, ала, Алан, ар, ара, ра, арал, анар, арала, нар, Анар. Аралар, Арал
Мақсат қою кезеңі: Мектепке келер жолда алдарынан нелер кездеседі?
Жолдан өтер кезде әрдайым қандай ереже жүру керек?
Жаңа сабақ. Ендеше балалар, мына аудио үнтаспасын мұқият тыңдаңдар.
Автордың айтқысы келген негізгі ойын анықтау үшін төмендегі сұрақтарды қоямын.
1. Балалар қандай кешірім сөздерін қолданды.
2. Арал мен Оралдың мұндай қылықтарына қалай қарайсыңдар?
Оқушылардың сұрақтарды шағын топтарда талқылап, ортақ шешімге келулері тиіс. Оқушыларға әр топтың жауабын тыңдап болғаннан кейін Қол белгісі әдісі арқылы топтық жұмысына рефлекция жасатып, бағалатамын.
Балалар, біздің кейіпкерлеріміз кімдер?
Арал мен Орал
Оралдың аты қай дыбыстан басталып тұр?
О - О
Оқушыларға О әріпі бойынша видео роликті көрсетемін.
О - дыбысынан қандай сөздер келеді екен?
Орамал, оқулық,
сөздерін ағылшынша, орысша айтып өтемін.
О о дыбысының баспа және жазба, үлкен және кіші әріптерімен таныстырамын.
2 - жаттығу. Оқулықта берілген сөздер мен сөйлемдерді буындап, тұтастай оқытамын.
Ор ол он
О рал о лар о ра
Доп, домбыра, орамал сөздерін қатыстырып сөйлемді оқытамын.
Орал, доп ал. А рал, домбыра тарт. А нар, он орамал ора.
Сергіту сәті: Оқушылардың дене - бойларын жаттықтыру.
3 - жаттығу. Сыныптасыңмен ізденуді ұйымдастыр.
(Оқушыларды топпен сызбаға сәйкес сөйлем құратамын.
Бастауышы есімдіктен, баяндауышы зат есімнен болатындай (әншілер, бишілер)
Сөздерден сөйлем құратуға үйретіледі.
Олар кімдер? Сұрағына жауап беруге үйретіледі:
Олар - әншілер. Олар - бишілер.
Дәптермен жұмыс: 14 - бет.
Жазуға сауатты жазу талабы ғана емес, көркем жазу талабы да қойылады.
Қолдарының бұлшық еттерін жаттықтыру мақсатында, ауада жазғызамын.
Бекіту: Семантикалық карточкалармен жұмыс.
о р а
Мына сөздерге дыбыстық талдау жаса.
О р а л
о л а р
Кері байланыс:
Қолдарына берілген О пішінін қызы, жасыл, сары түске бояту
Қызыл түс - егер сабақ ұнамаса
Сары түс - бүгінгі сабақ қиын болса
Жасыл - сабақ саған ұнаса


Скачать


zharar.kz