Шаттық шеңбері:
Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, күлеміз.
Бірге балық аулаймыз,
Міне, біздер қандаймыз!
Орман, көлге, шыңға біз,
Саяхатқа шығамыз.
Бөлінбейді іргеміз,
Әрқашан да біргеміз!
Әрқашан тілектес,
Досыңа көмектес!
- Балалар, қазір бізде қандай сабақ?
Балалар, мына суреттерде кімдердің және нелердің суреттерін көріп отырсыңдар?
- Олар не істейді?
- Яғни, халыққа қызмет етеді. Оларды біз мамандық иелері дейміз. Тағы да қандай мамандық иелерін білесіңдер?
иелері екенін білесіңдер ма?
- Мына суреттерге қарап, мамандық иелерін атап, қандай қызмет атқаратындарын айтып беріңдерші?
Сергіту сәті:
Қане, кімнің бойы ұзын?
Паравозы ол пойыздың.
Қатар - қатар тұрайық,
Пойызды біз құрайық.
Ал, паравоз баста алға,
Бәрімізді басқар да.
Пыш – пыш, пыш - пыш, біз кеттік,
Жүрісті тым үдеттік.
Гу - гу, гу - гу, гуілде,
Қалып қойма, бірің де.
Пыш – пыш, пыш - пыш, біз кеттік,
Жүрісті тым үдеттік.
Ал, паравоз тоқтайық, пыш.
Жұмбақ шешіп көрейік
1. Бір керуен жүреді екен қатар түйе,
Аузынан жалын шығар будақ күйе.
- Ал, балалар, пойызды кім айдайды?
2. Сымға асылып,
Жүр асығып.
- Троллейбусты кім жүргізеді?
3. Құстан аумайды,
Көкте зулайды.
- Ұшақты кім жүргізеді?
- Көліктің тағы қандай түрлерін білесіңдер?
- Енді мына аспазшы, ұста, тігінші туралы кім өлеңдер біледі екен?
Дидактикалық ойын: Кімге не керек?
Балалар мұғалім, дәрігер, құрылысшы, спортшыға қажет құралдарды тауып қоюы керек. Балаларды тапқырлыққа үйрету.
- Дәптермен жұмыс.
Дәптерде берілген мамандық иелеріне қажетті заттарды тауып, сәйкестендіреді.
Д о: Кім болам?
Балалар болашақта кім болғыларың келеді, сол мамандықты алып, әңгімелеп беріңдер.
- Өте жақсы балалар. Осындай әр түрлі мамандыққа жету үшін алдымен білім алып, көп нәрсені үйрену керек. Осындай жұмыстарды кімдер жасайды?
- Иә, біз олардың еңбегін бағалап, құрмет тұтуымыз керек екен.
- Ендеше еңбек туралы кім мақал - мәтел біледі.
- Сонымен балалар, мамандық иесі болу үшін қандай болуымыз керек екен?
- Дені сау, білімді, еңбекқор болу керек. Еңбек етпеген адамдар жалқау, енжар адамдар.
Балаларды бағалау.
- Балаларды сабаққа қатысу ерекшеліктеріне қарай бағалап, мақтап, мадақтаймын.