Ер жігіт елінің ұлы,
Намысының құлы.
Ер намысқа шабады,
Намысқа шапса,
Алысқа шабады.
Ер — намысының құлы.
Шөлдің қамысы болмайды.
Жаманның намысы болмайды.
Жігітке жар қымбат, намыс пен ар қымбат.
Алысқа шабар жүйрік бол,
Намысқа шабар жігіт бол.
Ар, намысы бар жігіттің
Жолдасы бар жолында.
Ар, намысы жоқ жігіттің
Ұяты бар қолында.
Жүйрік алысқа,
Жігіт намысқа шабады.
Намысы бар жігіттің
Нар күшіндей күші бар.
Намысы жоқ жігіттің
Намыспенен несі бар?
Намысы бар жігіттің
Нар күші бар.
Намысы жоқ жігіттің
Қай күші бар?
Ит арық болса
Ауылдың намысы.
Ер намысының құлы.
Жігітке намыс – қымбат, ар – ауыр.
Бөріктінің намысы бір.
Ер аштан өлмейді,
Намыстан өледі.