Гендердің өзара әрекеттесуі

Скачать

26. Жыныстың генетикалық анықталуы. Жыныспен тіркес тұқым қуалау. Гендердің өзара әрекеттесуі. Цитоплазмалық тұқым қуалаушылық. Адамның генетикалық әртүрлілігі. Адамның генетикалық денсаулығына ортаның әсері. Адамның генетикалық аурулары.
27. Модификациялық және тұқым қуалайтын өзгергіштік. Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің типтері. Гендік, хромосомалық, геномдық мутациялар. Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің гомологтік қатарлар заңы.
28. Мутацияларды экспериментальды жолмен алу. Адамның тұқым қуалайтын өзгергіштігі.
29. Генетика және медицина. Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері. Адамның кейбір тұқым қуалайтын ауруларының алдын алу және емдеу. Резус фактор.
30. Туыстық некенің жағымсыздығы. Адамның тұқым қуалайтын өзгергіштігі

Биология 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: §26 Жыныстың генетикалық анықталуы. Жыныспен тіркес тұқым қуалау. Гендердің өзара әрекеттесуі. Цитоплазмалық тұқым қуалаушылық. Адамның генетикалық әртүрлілігі. Адамның генетикалық денсаулығына ортаның әсері. Адамның генетикалық аурулары.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың гендердің өзара әрекеттесу түрлері жайлы білімдерін кеңейту; Комплементарлық, эпистаз, полимерия, көп аллельділік туралы түсінік қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Заңдылықтың негізгі қағидаларын пайдалана отырып, есептеулер жүргізуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды кәсіпке бейімдеу, ғылымға қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, баяндау, сипаттау, ой толғау әдістері.
Сабақ көрнекілігі: 1. Интерактивті тақта, электронды диск, дидактикалық материалдар.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі: оқушылармен амандасу, түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Сандық және сапалық белгілердің орта жағдайларының әсері
2. Реакция мөлшері деген не?
3. Цитоплазмалық тұқым қуалаушылық деген не?
4. Сандық белгілердің көбінесе генетикалық кодқа қалай жазылатынын түсіндіріңдер?
5. Гендердің аллельсіз өзара әрекеттесуін түсіндір?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Гендердің өзара әрекеттесу түрлері

Аллельді Аллельді емес
Аллельді түріне толымсыз доминанттылықты жатқызуға болады.
Мысалы, қызыл және ақ түсті намазшамгүлдерді өзара будандастырғанда F1 - де қызғылт түсті будан алынған. Сол сияқты қызыл раушангүл мен ақ раушангүлді будандастырғанда F2 - де қызғылт түсті раушангүл алынды. Бұл екі аллельді гендер А мен а - ның өзара әрекеттесуінің нәтижесі деп қарастыру керек. Мұндай жағдайда доминантты ген рецессивті генге басымдылық көрсетеді.
Ал, аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуінің 4 типі бар:
1. комплементарлық
2. эпистаз.
3. полимерия
4. көп аллельділік
1. Комплементарлық деп — екі немесе бірнеше аллельді емес доминантты гендердің бірін - бірі толықтырып жаңа белгіні жарыққа шығаруын айтады. Мысалы, көгілдір қауырсынды тотықұсты сары қауырсынды тотықұспен будандастырса, бірінші ұрпақтың (F1 - дің) будандары біркелкі жасыл қауырсынды болып шығады. Оларды өзара будандастырғанда екінші ұрпақта — F2 - де төрт түрлі фенотип көрініс береді. Атап айтқанда, 9 жасыл түсті, 3 көгілдір, 3 сары және 1 ақ қауырсынды ұрпақтар алынады. 117 - суреттегі екінші ұрпақ дарақтарының генотипіне назар аударсақ, бұл будандастыруға екі жұп аллельді емес гендердің қатысатындығын байқауға болады. А гені — қауырсынның көгілдір түсін, ал В гені сары түсті болуын анықтаса, олардың рецессивті а және b аллельдері қауырсынның ақ түсті болуын анықтайды.
Будандастырудың нәтижесі мынандай: әр доминантты ген жеке күйінде тек өз белгісін жарыққа шығарады. Сондықтан генотиптері ААbb және Ааbb дарақтар көгілдір қауырсынды, генотиптері ааВВ және ааВb дарақтар сары қауырсынды болады. Ал, екі ген біріккен жағдайда АаВb — жасыл түсті қауырсынды тотықұс алынады. Бұл гендердің рецессивті аллельдерінен түзілген ааbb генотипі тек ақ қауырсынды ұрпақ береді.
Гендердің комплементарлы әрекеттесуін мынадай мысалдан да көруге болады. Раушан және бұршақ тәрізді айдарлары бар тауықтың екі тұқымын будандастырғанда, бірінші ұрпақта — F1 - де ата - анасының айдарына ұқсамайтын жаңғақ тәрізді айдары бар будандар алынды. Ал F1 - дің ұрпақтарын өзара будандастырғанда F2 - де ажырау жүреді. Атап айтқанда, 9 жаңғақ тәрізді айдарлы, 3 раушан айдарлы, 3 бұршақ айдарлы және 1 жапырақ тәрізді айдарлы балапандар алынған. Осы тәжірибеде тауық айдарларының раушан және бұршақ тәрізді болуы екі доминантты генмен анықталатындығына байланысты.



Скачать


zharar.kz