Отан қорғаушылар
Ұлы Отан борышын ақтайды.
Жалындап жанады, жатпайды.
Көк байрақ жанында ант етіп,
Ата – баба дәстүрін сақтайды.
Ана
Анам менің саялы,
Құшағы оның аялы.
Ұл – қызына қашанда
Бәйек болып жүреді.
Апайым Клараға
Апайым менің әдемі,
Білімді әрі көңілді.
Ортасында баланың
Жайраң қағып жүреді