Тақырыбы: Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте
Мақсаты:
• Оқушылардың тілге деген қызығушылығын ояту
• Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәдениетін көтеру;
• Сөздерді орынды қолдана білуге білімдерін байқап, дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, ақан – жазушылардың портреті.
Ұлағатты сөздер:
1. Ана тілін құрметтемеу – ештемені сыйламау деген сөз. Жастар мұны қатты ескеру керек . Ғабит Мүсірепов.
2. Тілді меңгеру үшін оған өзіңнің жүрегіңді ашуың керек . Нұрсұлтан Назарбаев
Барысы:
І. Ұйымдастыру. ( топқа бөлу )
ІІ. Негізгі бөлім
ІІІ. Қорытынды. Оқушыларды марапаттау.
І. Кіріспе сөз.
Армысыздар, құрметті қонақтар мен тіл жанашырлары. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте атты сайысымызға қош келіпсіздер. Дүниеде ең асыл тіл – араб тілі, одан кейін – түрік тілі, түрік тілінің ішіндегі гауһары - қазақ тілі .
Ана тілім – арым, нәрім, қуатым,
Сенсің менің жан сырымды ұғатын.
Өзің барда ұлтым ұлы, ел аман,
Шағың келді биіктерге шығатын
Сайысымыз УІІ турдан тұрады:
І. Сәлемдесу. (топтар қазақша, орысша және ағылшынша өз топтарын таныстырады)
ІІ. Сөз қаруы - ой . Сурет бойынша әңгіме құрастыру (орыс тілінде )
ІІІ. Қанат қақты . Капитандар сайысы.
ІУ. Тапқырлар . Жұмбақ сайысы. (шешуін үш тілде айту)
У. Сен білесің бе? Әр ұлт өкілдерінің ұлттық ас мәзірін таныстыру, қалай жасалатындығы туралы айту.
УІ. Кім біледі? Қазақстанның және басқа ұлт өкілдерінің әртістерін, әншілерін, еңбек қайраткерлерін және елбасыларының суреттерін көрсету.
УІІ. Сөз тапқанға қолқа жоқ Сұрақтар беріледі, жауабы алған әріптен басталуы керек.
І тур Сәлемдесу .
Адам өміріндегі барлық жақсылық атаулыға сәлемдесу арқау болып жатады. Бірін – бірі көріп білмеген адамдар арасында да игіліктер алғашқы сәлемдесуден өрбиді. Имандылық шариғатында сәлемдесу тілмен айту парыз екен. (топтар қазақша, орысша және ағылшынша өз топтарын таныстырады)
1 топ -------------------- 2 топ --------------------- 3 топ --------------------- 4 топ ---------------------
ІІ тур. Сөз қаруы - ой .
Орыс тілін түсінемін, білемін,
Шет тілін де жаттап оқып жүремін.
Ата – бабам қастерлеген жанындай,
Ана тілім – менің нағыз жүрегім.
Піл күшті, піл күшті емес, тіл күшті орысша баламасы Слон всех сильнее, а язык и слона сильнее Оқушылар сурет бойынша әңгіме құрастырады, сайыстың шарты бойынша орыс тілінде.
ІІІ тур. Қанат қақты . Капитандар сайысы. Мақалдың жалғасын тап.
1. Тіл тас жарады,
(Тас жармаса бас жарады)
2. Тіземнен сүріндірсең сүріндір,
Тілімнен сүріндірме.
3. Піл көтергенді тіл көтереді.
4. Ат жүйрігі қасқа,
Тіл жүйрігі басқа.
5. Бас кеспек болса да,
Тіл кеспек жоқ.
6. Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ
7. Бас ойлағанда тіл тыныстайды.
8. Қырғи тіл – қиыр қылыш
9. Икемді тіл инеден өткір.
10 Құлақ екеу, тіл жалғыз,
11. Аз сөйлеп, көп тыңдаңыз
Қос тіл – қос қанатың
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым дара тілім.
ІУ. Тапқырлар . Жұмбақ сайысы. (шешуін үш тілде айту)
У. Сен білесің бе? Әр ұлт өкілдерінің ұлттық ас мәзірін таныстыру, қалай жасалатындығы туралы айту.
Біздің Республикамызда мәуелі бақтай жемісін шашқан жүз отыздан аса әр түрлі ұлт өкілдері бір – бірімен тату – тәтті тұрады. Біз қандас болмасақ та жандаспыз.
УІ тур. Кім біледі? Қазақстанның және басқа ұлт өкілдерінің әртістерін, әншілерін, еңбек қайраткерлерін және елбасыларының суреттерін көрсету, оқушылар олардың кім екенін анықтау керек.
Тілім тірі, тірі дербес күн кешпек,
Аты тұрып қалай артқа мінгеспек?!
Тілсіз тыныс ала алмайды мемлекет,
Бас кессе де, жоқ емес пе тіл кеспек.
УІІ. Сөз тапқанға қолқа жоқ Сұрақтар беріледі, жауабы алған әріптен басталуы керек.
Ә, А, Ж, Р, С, Т, Б, М, Д, О, Л, К.
1. Қай қалада тұрасың?
2. Сенің сүйікті әншің?
3. Қандай тағамды ұнатасың?
4. Сыныптағы досыңды ата?
5. Жасын нешеде?
6. Сынып мұғалімінің аты?
7. Сен озат оқушысың ба?
8. Математика пәні саған ұнай ма?
9. қандай мамандықты қалайсың?
10. Кімге ұқсағың келеді?
11. Сүйіп оқитын кітабың?
12. Жазғы демалысты қалай өткіздің?
13. Қазақстанның астанасы?
14. Парта неден жасалады?
15. Қардың түсі?
16. Сүйікті тағамын?
17. Қандай гүлді ұнатасың?
18. Мектепке немен келесің?
19. Күзде ауа райы қандай?
20. Сыныптағы ең сұлу қыз?
21. Алматы қандай қала?
22. Қыс айы немен ұнамсыз?
24. Сен қандай оқушысың?
Ана тілім күн нұры – шуақтайсың,
Мөлдір таза шын кәусар – бұлақтайсың.
Өнер, білім ғылымда сәуле шашқан,
Темірқазық жұлдызым – шырақтайсың.
ҚОРЫТЫНДЫ.
Қорытынды шығару үшін сөз кезегін қазыларға береміз.
Жеңімпаздар марапатталады.