Солтүстік Қазақстан облысы,
Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы
Мамлют санаторлық орта мектеп - интернаты
Ермекова Алма Темірболатқызы
Эссе Мен – жаңа форматтағы ұстазбын
Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Менің әдістемелік тақырыбым “Кіші жастағы оқушылардың оқу жүйесіне жеті модульді енгізу арқылы танымдық белсенділіктерін дамыту”. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес сонымен қатар баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл - ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады.
Әр сабақ қызықты, өзгеше өту үшін көптеген жұмыстар дайындаймын. Сабақ кезінде оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, оларда ақыл - ой қабілеттерінің зеректік, зейіндік, байқағыштық, ойлау мен сөйлеу дербестігі, қызығушылығы элементтері дамиды. Менің ең негізгі міндетім сабақты дұрыс ойластырып алдына анық мақсат қою. Жаңа сабаққа оқушылардың қызығушылығын тудыру үшін, оқушыларды жұптық жарысқа түсіру мақсатында, тақырыпты шағындап, тақырыпшаларға келтіріп бөліп берген дұрыс болады деп есептеймін. Жұпта, топта оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға үйреніп ізденіп, ең негізгісін алып шығып, жұмысты плакаттарға, дәптерлеріне орындап, талдау жұмыстарын жүргізіп, кластер құрып, Венн диаграммасы арқылы осы тақырыпты қорытынды жасауларына жағдай жасаймын. Мен өз сабағымда ой қозғау барысында оқушыларға жоғарғы, төмен дәрежелі сұрақтар қойып, тақырыпқа деген қызығушылықтарын туғызып отырамын, нәтижесінде сабақ соңында олар өздері қорытынды шығара алатын болады.