Адай жылқысы

Скачать

Сабақтың мақсаты: 1. Жалқы есім туралы түсіндіру. Жалқы есімді жалпы есімнен ажырата білуге үйрету.
2. Жаттығулар орындату арқылы білім – білік дағдыларын қалыптастыру. Қатесіз, таза жазуға дағдыландыру.
3. Тілді құрметтеуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтадағы суреттер, Маңғыстау картасы, Маңғыстаудың жеті кереметі т. б.

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы, ассосация стратегиясы, шығармашылық жұмыс.

Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру бөлімі:
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Үй тапсырмасын сұрау.
Ребус шешу арқылы жаңа тақырып атауы: Жалқы есім
- Олай болса балалар, бүгінгі өтетін тақырыбымыз Жалқы есім . Сызба арқылы жаңа тақырыпты түсіндіремін.

Жалқы есім
Кісінің аты - жөні:
Жер - су аттары:
Жан - жануарға қойылатын
Мысалы: Айжан, Абай, Ақтау, Каспий, Ақтөс, Ақалтеке

- Балалар, кім жалқы есімдерге мысал келтіре алады?
- Оқушылардың жауаптары.
- Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ., тақтаға назар аударайық. Мына көлікке отырып әдемі жерлерге саяхатқа шығамыз. Саяхатқа шыққанды жақсы көреміз бе?
- Ия.
Мына сұрақтарға жауап берсек, қай жерге саяхаттайтынымызды біле аламыз.
Сұрақтарға жауап беру арқылы жасырын сөздерді шешеміз.
1. Адамға қатысты сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
2. Заттарға қатысты сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
3. Түбір дегеніміз не?

МАҢҒЫСТАУДЫҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІ
Маңғыстау - киелі жер, қасиетті тұлғалардың мекені, сол ерекшеліктерді көрсететін ескерткіштерімізге саяхат жасайық. Барлығымыз мына көлікте отырмыз деп елестетейік.

2. Дәптермен, оқулықпен жұмыс:
Бүгінгі күннің жадын жазайық..
Ақпанның он сегізі.
Жалқы есім
Дәптерімізге тақтадағы сөздерді әдемілеп жазайық.
Көркем жазу
Ақтау, Шерқала, Каспий.(тексеру)
- Тақтадағы сөздерді әдемі жазу арқылы біз бірінші кереметіміз эмблемаға келдік.
Көзімізге ең бірінші болып көрінетін – Маңғыстау өлкесінің эмблемасы. Биік тұғырда орнатылған эмблема бұл өлкенің тарихи – архитектуралық ескерткіштерінде, жартас беттеріне салынған ежелгі, бізге беймәлім суретшінің туындысынан алынған.
Оқулықтағы 391 - жаттығуды орындау арқылы екінші кереметімізге барамыз.
ауызша түсіндіру.
- Екінші кереметімізге де келіп жеттік. Ол - арқарлар.
Маңғыстауға тән көріністің бірі – арқарлар. Қызыл кітапқа енген бұл жануарлар Маңғыстаудың сәніне айналған. Арқарлардың көзге көп түсетін жері Оғланды, Бекет Ата мешіті алдындағы бұлақ басы. Халық Атаның арқарлары деп қасиетті санайды.

392 - жаттығуға назар аударайық. Жаңылтпашты оқытып, кісі аты мен жер аттарын тапқызамын. Мұқият орындасақ үшінші кереметімізге де жетеміз.
- Арман, Тарбағатай. ( тақтаға, дәптерге жазғызамын)

Үшінші кереметіміз Боталы аруана, шыңырауға да жеттік.
Түйе – шөлге, аштыққа ең шыдамды жануар. Түйені мінсе көлік, сойса ет, сауса шұбат, жүні киім - кешек болған ең пайдалы, ең тиімді жануар. Маңғыстау өлкесі сияқты шөл далада мал бағуға су тапшы. Сондықтан да ата - бабамыз құдық қазуды кәсіп қылған. Маңғыстауда 4000 - ға жуық құдық бар. Құдықты шыңырау дейміз. Әбіш Кекілбаев Шыңыраудай шынайы шығарма жазып, барлық қауымға Маңғыстау өлкесін танытқан.

393 - жаттығуға назар аударайық.
Сырым, Тайбурыл, Ертіс, Бөрібасар сөздерінің мағынасын түсіндіріп, қалаған екі сөзге сөйлем құратамын. Сырым - ұлтымыздың мақтанышы. Тайбурыл бәйгеден бірінші орын алды.(диктант ретінде жазғызып, тексеру)

- Төртінші кереметіміз Шерқалаға да келіп жеттік.
Шерқала арапшадан аударғанда жолбарыс деген мағынаны білдіреді. Төңкерілген кеседей болған бұл таудың жаны биік құз, шығатын жол жоқ. Пирамидаға ұқсас тау. Маңғыстаудағы табиғаты сұлу, көрікті жер. Әскери бекініс орны болған.
Қазақ халқы барысты ерекше құрмет тұтады. Күні кеше өткен Азиада ойындарының нышаны да барыс болды.

3. Сергіту сәті:
Құрманғазы атамыздың Адай күйінің ырғағына қимыл - қозғалыс жасау. Сергіту сәті арқылы бесінші кереметіміз Адай жылқысына де келіп жеттік.
Жылқы малының біз үшін ерекше орны бар. Жауға шапса пырағы, қымызын ішсең шипа.
Адай жылқысы өте шыдамды. Ұлы Отан соғысы кезінде Маңғыстаудан 3000 - ға жуық жылқы алдырып, қадір – қасиетін ерекше бағалаған.
4. Ой толғаныс:
Суретке қарап сөйлем, мәтін немесе өлең құрастыру.

Бекет - Ата мешітінің суреті
Ақтау қаласының суреті
- Осы тапсырманы орындау арқылы алтыншы кереметімізге де келдік. Балбал тас Маңғыстаудағы әулиелі орындарға арнап қойылған тас. Тарихи ескерткіштердің көбі біздің өлкеде орналасқан. Жер асты мешіттері тек Маңғыстауда кездеседі.
- Барлығымыз бір - бір жалқы есімнен атап соңғы, жетінші кереметімізге барайық.
- Оқушылардың жауаптары. (Жер - су, қала, адам атауларын айтайық).
- Өте жақсы балалар, жетінші кереметіміз Каспий теңізі екен. Өзіміздің тұрып жытырған қаламыз Ақтауға қайтып оралдық. Каспий теңізінің 92 атауы болған. Кезінде әр түрлі атаған. Ұлы жібек жолы кезінде жүктер кемелермен жөнелтілген. Теңіз жағалауындағы адамдар үшін ырыс пен күнелтіс көзі болған.

5. Қорытынды бөлім:
Ассосация стратегиясы арқылы сабақты қорытындылаймын.
- Балалар, бүгінгі сабағымызда қай жерлерге саяхат жасадық, саяхат сіздерге ұнады ма?
- Ия.

Маңғыстаудың жеті кереметін атап шығайықшы.
1. Эмблема.
2. Арқарлар.
3. Боталы аруана, шыңырау.
4. Шерқала.
5. Адай жылқысы.
6. Балбал тас.
7. Каспий теңізі.

- 7 саны қазақ халқы үшін киелі сан. 7 санына байланысты не білеміз?
- 7 ата, 7 жарғы, 7 қазына, 7 шелпек т. б.
Тақтадағы сөйлемдердің ішінен жалқы есімдерді тауып, үлестірмелі қағазға жазып бере қойыңдар. (жазған сөздерін 1 - 2 балаға оқытамын)
Маңғыстау – киелі мекен. Ақтау - әсем қала. Шерқала пирамидаға ұқсас тау. Каспий біздің мақтанышымыз.
Үйге тапсырма: 394 - жаттығу, ереже жаттау. Киелі Маңғыстау тақырыбына өлең шығару.


Скачать


zharar.kz