Аукционға қатысушыларға сұрақтар

Скачать

Пәні: алгебра
Сабақтың тақырыбы: Көпмүшелерді топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеуге есептер шығару

Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: көпмүшені көпмүшеге көбейту амалына кері амал ретінде көпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеу тақырыбынан алған білімдерін тұжырымдап, білім дәрежелерін байқау;
ә) дамытушылық: есептер шығарту арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін, іскерліктерін, өз бетімен еңбектену, жеке оқушының білім, білік дағдыларын дамыту;
б) тәрбиелілік: оқушыларды ұқыптылыққа, сауаттылыққа, шапшаңдылыққа, алғырлыққа, топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аукцион сабақ
Сабақтың әдісі: практикалық
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, аукционға қажетті заттар, тест парақшалары
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
а) сәлемдесу;
ә) оқушылар тізімін тексеру және оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру, қабілеттеріне қарай оқушыларды топқа бөлу;
б) үй тапсырмасын тексеру;
Өткен тақырыптар бойынша негізгі мәселелерге шолу жасау:
Қойылатын сұрақтар: 1. Бірмүшені көпмүшеге қалай көбейтеді?
2. Көпмүшені көпмүшеге қалай көбейтеді?
3. Жақша сыртына шығарылатын ортақ көбейткішті қалай анықтайды?
4. Қандай жағдайларда көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу үшін топтау
тәсілін қолданады?
ІІ. Аукцион тәртібімен таныстыру.
Балалар, бүгінгі аукционда математика сабағына қажетті оқу - құралдары сатылады. Бүгінгі сабақта сендердің білімдерің бағамен белгіленеді. Жақсы жауап берген, есепті дұрыс шығарған оқушы аукционға қатысып, қажетті заттарды ала алады.
Саудаға түсетін заттар: дәптер, қойын кітапша, қалам, қарындаш, транспортир, сызғыш.
Аукционға қатысушыларға сұрақтар:
1. Қандай өрнектерді бірмүше деп атайды?
2. Бірмүшенің дәрежесі қалай анықталады?
3. Көпмүше деп нені айтамыз?
4. Бірмүшенің стандарт түрі қалай жазылады?
5. Көпмүшенің дәрежесі деп нені айтамыз?
6. Көпмүшелерді қосу және азайту ережелерін айтыңдар.


Скачать


zharar.kz