Дәрігер жолдас

Скачать

Ертеңгілік
Балабақшамен қоштасу

Мақсаты: Сәби шағынан бастап балабақшаға бауыр басқан бүгінгі бүлдіршіндерді өнер әлеміне жетелей отырып, қызығушылығын ояту. Балалар арасында достық қарым – қатынас қалыптастыру.

Жүргізуші: Армысыздар қымбатты ата - аналар балабақша ұжымы! Біз бүгін бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиеленген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып мектепке шығарып салғалы отырмыз.
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер,
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл, ойларың,
Өсті міне бойларың,
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойларын – деп,
Сүйікті балабақшасымен, қимастықпен қоштасатын балаларымызды құрметпен қарсы алайық.

Балалар музыкамен кіреді.

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар
Қазақстан Гимн орындалады (хормен)
Жүргізуші: Мектеп ана шақырады бізді алдан,
Алдымызда әлі талай сан арман.
Қоштассақ та балабақшам сенімен,
Санамызда өзің берген өнегең – деп,
Бүлдіршіндеріміз мектепке баруға дайын екендігін дәрігер апайдан сұрап көрейікші.
Дәрігер апай келеді.
Дәрігер: Сәлеметсіңдер ме балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе дәрігер апай.
Жүргізуші: Дәрігер жолдас.
Алдындағы балалар,
Мектепке кетіп барады.
Сұрақ қойып, жауап ал,
Жарамсызы қалады.
Дәрігер апай балаларды тыңдап шығады.
Дәрігер: Бәрі тегіс қаралды,
Бәрі тегіс жарамды
Бәрі түгел дайын екен
Бәріне де рұқсат етем
Егер ауырып қалар болса
Дәрісіз – ақ емдеу керек
Денсаулықтың бұзылғанын
Жаттығумен жөндеу керек.
Дәрігер жаттығу жасатады.
Дәрігер: Ал, енді жолдарың болсын. Жаттығу жасауды ұмытпаңдар.
Жүргізуші: Дәрігер апай біздің қуанышты кешімізге келгеніңізге көп рахмет.
Дәрігер қоштасып шығып кетеді.
Ал енді, білім ханшайымын шақырып, балалардың білімдерін тексерейік.
Білім ханшайымы келеді.
Ханшайым: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Ханшайым: Мен сендердің білімдеріңді тексеруге келдім. Балалар, жақсы оқитын бала неше деген баға алады?
Балалар: 5 - деген баға.
Жүргізуші: 5 - тік бағасы қандай балаларға қойылады?
Балалар: Сабақты өте жақсы оқитын, еңбекқор балаларға қояды.
Жүргізуші: Еңбек туралы кім мақал – мәтел, біледі?
Асылай: Еңбекқор бала жұмыс сұрар,
Жалқау бала түсте тұрар.
Ханшайым: Жарайсыңдар балалар!
Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз?
Балалар: Қазақстан
Ханшайым: Қазақстан республикасының президенті кім?
Балалар: Нұрсұлтан Назарбаев
Ханшайым: Дұрыс, жарайсыңдар балалар.
Бір жылда қанша мезгіл бар?
Балалар: Төрт мезгіл бар.
Ханшайым: Атап беріңдерші?
Балалар: Көктем, жаз, күз, қыс.
Ханшайым: 1 - ден - 10 - ға дейін санаңдар, сосын кері санайық.
Балалар: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.
10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1.
Ханшайым: Жауаптарың дұрыс.
Балалар енді біз ойын ойнайық.
Ойын: Ойна да, ойлан (есеп шығару)
Ойын шарты: Үлестірмелі сандарды тақтаға жабыстыру арқылы есеп шығару.
Ханшайым: Жарайсыңдар балалар есепті дұрыс шығардыңдар.
Балабақшадан көп нәрсе үйренген екенсіңдер.
Рахмет сендерге балалар! Сәт - сапар тілеймін.
Сабақтарыңды тек 4 - 5 – ке оқуларына тілектеспін.
Қош сау болыңдар, мектепте кездескенше.
Би: Испан биі
Ән: Біз бақытты баламыз
Бүлдіршіндеріміздің тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Асылжан: Орын берген бақшадан
Меңгеруші жақсы адам
Сондықтан да біз үшін
Артық өзі басқадан
Аяулым: Біз мектепке барамыз
Қолға қалам аламыз
Кітапты да оқимыз
Суретті де саламыз
Би: Жаяу
Ойын: Жұбын тап
Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлініп, үлестірілген суреттерден жануарлар мен оның төлдерін жұптастырып жинайды.
Би: Зуби - зуби
Тақпақ:
Гүлназ: Бақша біздің панамыз
Мектеп біздің анамыз
Ұлағатты ұстаздан
Оқып білім аламыз
Ерсұлтан: Қуанышымыз біздің мол
Мектепке біз тарттық жол
Ұмытпаймыз өзіңді
Балабақшам қош сау бол.
Би: Көктем келді!
Ойын: Керекті оқу құралдары
Ойын шарты: Балалар ойыншықтардың арасынан оқу құралдарын жинау керек.
Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, бүлдіршіндердің балабақша қызметкерлеріне айтатын алғысын қабыл алыңыздар!!!
Гүлдендірген бақшаны,
Меңгеруші апай жақсы адам.
Сондықтан ба біз үшін,
Артықсыз сіз басқадан.
Раушан Жанатбекқызына
Барлық балалар: Мың алғыс

Жайдары жүз, ақ қабақ,
Жүреді бізді аймалап.
Тобымызға жиі кеп,
Білгенімізді сұрайтын,
Ақыл айтып тұратын
Айнұр Амантайқызына
Барлық балалар: Мың алғыс

Денсаулыққа болаттай,
Ауруларды жолатпай
Күнде болған әбігер,
Қамқоршымыз дәрігер
Жансая Жанадиловнаға
Барлығы бірге: Мың алғыс

Естен кетпес үніңіз,
Бізбен өтті әр күніңіз.
Бізге үміт артасыз,
Бізді баптап қараған.
Күлімдеген жақсы адам
Ақ төсекке жатқызған
Басымыздан сипаған,
Айгүл, Мөлдір,
Жанар, Гүлназ апайларға
Балалар бірге: Мың алғыс

Әлде май ма, құймақ па?
Палау ма, әлде сорпа ма?
Керек болса бал қаймақ,
Тұрады әр кез ортада
Тәп - тәтті тағамы,
Апайлар ас маманы
Клара мен Қарашаш апайға
Бәріміз бірге: Мың алғыс

Бүгін балабақшамен қоштасқалы тұрған түлектеріміздің тақпақтарын тыңдасақ.
Асылжан: Витамин жеп қолынан
Өскен сәби баламыз
Дәрігер апай, сізге де
Алғыс айтып барамыз
Ақнұр: Тәрбиеші мен күтуші
Анамыздай біздерге
Тек жақсылық тілейміз
Рахмет айтып сіздерге
Еркежан: Қош, балалар, сәт сапар
Үлгілі бәрің болыңдар
Жақсы оқып әрқашан
Тек 5 - тікті алыңдар
Есімхан: Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біз мектепке барамыз
Қасымхан: Көңілді өскен баламыз
Шырқатып әнге саламыз
Тойымызға сән берер
Би де билей аламыз
Саянұр: Үлкен сенім жүктеп алып
Мектепке кетіп барамыз
Тәрбиешім, өзіңмен
Қоштасу әнін саламыз
Қарақат: Балабақшам бесігім
Тағы бір той жасайық
Ашты мектеп есігін
Өзіңмен қоштасайық
Асылай: Үлкендердей тап – таза
Бормен жазар тақтаға
Үлгілі бала боламын
Жүретіндей мақтана
Шар ұшыру сәті. (Балалар өздерінің арман - тілектерін айтады.)
Түлектеріміздің қоштасу вальсін қабыл алыңыздар.
Би: Вальс
Ән: Әрқашан күн сөнбесін
Жүргізуші: Әр бір ұрпақ болашағымыздың алтын діңгегі. Сол ұрпақты өмірге әкеліп, адал ниет, ақ батамен өсірген ата - ана емес пе? Балалардың осы қуаныштарын бөлісіп отырған ата - аналарға сөз кезегін береміз.
Келесі сөз кезегін Жұлдыз бөбекжайы меңгерушісіне сөз кезегін береміз. (Балаларға сыйлықтар табысталады.)
Жүргізуші: Барша бүлдіршінге бақыт, ашық аспан, жарқын болашақ, тыныш өмір, шат күлкі, үлкен жетістіктер мен сәттіліктер тілейміз.

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы,
Жұлдыз бөбекжайы КМҚК
Педагог - психологы Интымакова Айгуль Сагинтаевна


Скачать


zharar.kz