Алаш атауының мағынасы туралы

Скачать

Сабақтың тақырыбы:
§12. “Қазақ” атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы.
Мақсаты:
♦ Білімділік мақсаты: “Қазақ” сөзінің шығу тегі, “алаш” атауының мағынасы және жүздердің пайда болуы туралы түсінік беру.
♦ Дамытушылық мақсаты: Ойлау, есте сақтау, талдау сияқты қабілеттерін арттыру.
♦ Тәрбиелік мақсаты: Елжандылыққа, ұлтты сүюге, ата дәстүрді дәріптеуге баулу.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
• Сыныппен амандасу.
• Кезекшімен диалог.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: §11, 56-59 бет.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тест
1.Оғыздарды Сыр, Арал, Каспий бойынан ығыстырды:
А) Қыпшақтар; В) Үйсіндер; С) Ғұндар; Д) Сақтар; Е) Аландар
2.Түркеш қағанатының өмір сүру мерзімі:
А)756-785жж; В)704-756жж; С)603-701жж; Д)703-56жж; Е)741-745жж.
3.Дешті-Қыпшақ аумағының қамтыған жерлері:
А)Алтайдан Еділге дейін; В)Орталық Монғолия; С)Жайық пен Есіл өзендерінің бойы; Д)Көкше жерін;
Е)Қытайдың батыс аймақтары;.

7. Сатұқ Боғра хан Қарахан мемлекетінің негізін қай жылы қалады:
А) 603ж; В) 704ж; С) 756ж; Д) 942ж; Е) 552ж.

8.Қазақтың халық болып құрылуына әсер еткен біріккен этникалық топ:
А) сақ және қаңлы тайпалық одағы; В) үйсін және оғыз тайпалық одағы; С) үйсін және сақ тайпалық одағы; Д) қаңлы және оғыз тайпалық одағы; Е) қыпшақ және үйсін тайпалық одағы.

9.Батыс Түрік қағанатына енген тайпалар:
А) “он тайпа”, дулу, нушиби; В)бұлақ, жікіл, ташлық; С)эймур, байандур, татар; Д)тоқсоба, найман; Е)қыпшақ және үйсін тайпалық одағы.

10.Түркеш қағанаты билік басына қай қағанның келуімен нығайды:
А) Ибн Хордад бек; В)Бұмын қаған; С)Білге қаған;
Д)Сатұқ Боғра хан; Е) Сұлу қаған.

11.Сақ, сармат, үйсін тайпаның келбеті андроновтықтарға ұқсас екендігін айтқан антрополог ғалым:
А) Н.Бичурин; В) О.Смагулов; С) Б.Көмеков; Д) С.Жолдасбаев; Е) М.Вяткин.

12.756-940жж. Аралығында өмір сүрген қағанат:
А) Қыпшақ; В) Қарахан; С) Оғыз; Д) Батыс Түрік;Е) Қарлұқ.

13.Қазақ халқының қалыптасу процессі қай ғасырда аяқталды:
А)XV-XVIғғ; В)XIII-XIVғғ; С)X-XVғғ; Д)XI-XIIIғғ; Е)XII-XIVғғ.

14.Қазақтың халық болып қалыптасуының барысын бұзды:
А) Тань мемлекетінің шапқыншылығы;
В) Арабтардың шапқыншылығы;
С)монғол шапқыншылығы;
Д) Жоңғар шапқыншылығы;
Е)қыпшақтардың Хорезмге шабуылы.

15. “Дешті” сөзі парсы тілінен аударғанда қандай мағына береді:
А)ауыл; В)салт-дәстүр; С)дала; Д)билік; Е)көсем.
Жаңа сабақ жоспары: 1. "Қазақ" сөзінің шығу тарихы және мағынасы туралы.
2. "Алаш" атауының мағынасы туралы.
3. Жүздердің пайда болуы

Сабақты бекіту:
1. Дәптермен жұмыс.
2. Сұрақтарға жауап беру.
Үйге тапсырма: §12. 59-64 бет.
Бағалау.


Скачать


zharar.kz