Гүлдерің хош иісі аңқып жатыр, Ағып жатқан өзенің мен үшін батыр

Скачать

Табиғат
О, табиғат! Қандай ғажап, қандай әдемі! Мен өз елімнің табиғатына мақтанамын. Керемет таулары, сарқыраған өзендері, құлпырған гүлдері, ашық аспаны бәрі адамды өзіне ғашық етеді. Мен кішкентай болсам да табиғатты ақын ағаларымыз сияқты өлеңге қосып жырлағым келеді.
Табиғат қандай ғажап ертегі едің?
Құлпырады өзіңмен барлық жерің.
Тауларың аспанменен тіреседі,
Орманың ағаштармен сіреседі.
Гүлдерің хош иісі аңқып жатыр,
Ағып жатқан өзенің мен үшін батыр.
Шөптерің жайып қойған кілем дерсің,
Күн шуағы аспаныңда күлімдесін.
Жайлауың малға толсын маңыраған,
Көктемде далаңа шығып жамыраған.
Мен сенің сыйға тартқан әр сыйыңды,
Бала ғана жүрегіммен қабыл алам.


Скачать


zharar.kz