Балаңның жығылғаны да, жылағаны да өзіне сабақ.
Әзілхан Нұршайықов
Жылайын деген баланың
Үш күн бұрын көзі қышиды.
Адам күліп тумайды, туа сала күлмейді.
Үйренеді күлуді, бірақ күліп өлмейді.
Адам жылап туады, жатады жұрт жұбатып,
Және жылап өледі, өзгені де жылатып.
Жылайтыны туарда – жамандар бар қинайтын,
Жылайтыны өлерде – жақсылар бар қимайтын.
Қадыр Мырза Әли
Күннің немесе түннің қай мезгілінде болса да, міндетті түрде төгілуге тиісті жастар болады. Сондықтан өз - өзіңізді іштей жей бермеңіз, жылап алыңыз. Жеңілдеп қаласыз.
Стивен Кинг
Мен туылған кезде қатты жыладым. Бірақ мен өмір сүріп келе жатқан әр күн маған не үшін жылағанымды түсіндірді.
Александр Куприн
Көздер сөйлей алады. Қуаныштан күле де, жылай да алады. Көздермен естен адастыруға да, жылата да аласың. Сөздермен алдауға болады, бірақ көзбен алдау мүмкін емес. Адамның көздерінде тылсым күш жатыр.
Омар Хайям