Аралас сабақ. Сабақтың тақырыбы

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Су. Судың қасиеті.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Су және судың қасиеті туралы таныстыру. Судың тіршілік үшін маңыздылығын ұғындыру.
Дамытушылығы: Ой өрісі, дүниетанымын дамыту.
Тәрбиелілігі: Суды үнемдеуге, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Су туралы суреттер (табиғат), стакан, кесе, сүт, шүберек, қасық, жұмбақ, тыйым сөздер, мақал – мәтел, ребус, тест сұрақтары.
Сабақтың әдісі: Ойлану, тәжірибе жасау, түсіну, сұрақ – жауап.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Психологиялық сәт: Шаттық шеңберін жасау .
3. Үй тапсырмасын сұрау.
1) Ауа. Ауаның маңыздылығы:
а) Оқушыларға оқыту.
ә) Сұрақ – жауап алу.
2) Тест алу:
Ауа қандай? Ауа қай жерде бар?
а) Көзге көрінбейді а) Тек аспанда
ә) Исі бар ә) Бөлме ішінде
б) Дәмі бар б) Бос кеңістік, түрлі саңылауда, т. б.
4. Жаңа сабақ:
1. Ребус шешу. Тас ’; ’ уық

Ребус шешуі: Су .
2. Тақырыпты Табиғат аясында суреттері арқылы түсіндіру.
а) Судың қандай екендігі
ә) Судың мөлдірлігін анықтай білуді
б) Адам мен судың байланысы
г) Бұлақ жағасының ерекшелігін
3. Тәжірибе жасау арқылы түсінік.
1 – тәжірибе: Стаканға – сүт, екіншіге су құю арқылы салыстыру.
Сүт – ақ, су – түссіз.
2 – тәжірибе: Сүт құйылған және суы бар ыдысқа қасық салу арқылы. Қайсысында қасық анық көрінеді? Суды иіскеп көр, иісі бола ма?
3 – тәжірибе: Әр түрлі ыдыс (стакан, кесеге) су құю арқылы. Судың пішіні бірдей ме? Әрине, судатұрақты пішін болмайды екен. Ол құйылған ыдыс пішінін алады.
4 – тәжірибе: Суды тегіс жерге (үстел, парта үстіне) төгіп көр. Ол жан – жағына аға бастайды, себебі ол сұйық. Шүберекпен бассақ, су оған сіңеді, сонда су жабысқақ. Ал шүберекті жаямыз. Ол біраздан соң кебеді. Су қайда кетті?
Күн көзі жылуынан су буға айналады. Бу ауаға араласты. Ал қыста болса су мұзға айналар еді. Қысқы суықта өзен, көл беті не себепті мұз болатынын ұғындық.
5. Жұмбақ шешу Ойлан тап! .
Топтастыру стратегиясы бойынша жұмыс:
1. Жазда қыдырады,
Қыста тынығады. (Су)
2. Сылдыр, сылдыр етеді,
Жылғалардан өтеді. (Су)
Иіссіз
Аққыш
Мөлдір
Түссіз
Буға айналады

Жабысқақ
Сұйық
Мұзға айналады
Пішінсіз
Жұққыш
5. Сергіту сәті: – Тоқ – тоқ – тоқ,
Жаңбыр жауды.
– Гу – гу – гу жел тұрды.
Жаңбыр тоқтады, жел басылды.
Күн жарқырай ашылды. (Іс – қимылмен жасау).
6. Мәнерлеп оқыту минуты.
Тақырыпты тізбектей мәнерлеп оқытып шығу.
7. Суға қатысты тыйым сөздер білеміз?
(Сурет бойынша ойлана жауап бергізу).
а) Суға түкірме
ә) Суды бекер ағызба
б) Ағынды суға кір жума
Ата – бабамыз суды былғамау, сабамау туралы өсиет сөздер айта Суды сабама – балығын шошытасың , Бұлақты лайлама – құсын кетіресің – деп тоқтау сөз айтып тәрбиелеген.
8. Кім қалай түсінеді? мақал – мәтел оқи кестеден түсіндіреді.
а) Бір кісі қазған құдықтан,
Мың кісі су ішер .
ә) Су қадірін шөлдеген білер .
б) Сыйлап берген су да тәтті .
9. Қорыту.
Су жөнінде нені білдік?
Суды қалай пайдаланамыз?
• Лас суды ішпеу.
• Суды ластамау, үнемдеу.
• Қайнамаған суды ішпеу.
• Тазалықты сақтау, жуыну.
10. Оқушыларды бағалау.


Скачать


zharar.kz