Бірқалыпты кеңістік және үшөлшемді орта

Скачать

Сабақтың тақырыбы: 3D - кеңестігінің бағдарына кіріспе. Орнын ауыстыру және өзгерту.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 3D модельдеу және анимация. Виртуал, виртуалды өмір ұғымдарына түсінік беру, шығу тарихымен таныстыру.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сөйлесу, сұрақ - жауап, көрнекілік қолдану.
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды ұйымдастырып, сыныпта оқушыларды түгендеу.
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру.
3. Жаңа тақырыпқа кіріспе кезең
Модельдеу. Модельдеу үдерісінде нысанның түпнұсқасын танып - білу мақсатымен нысан - үлгілер құрылады. Үлгіде зерттелу мақсатына қарай түпнұсқаның қасиеттері болуы керек. Қазіргі уақытта нысанның сипаттамасы немесе құбылыстар арнайы программа ар¬қылы компьютер жадында жазылып сақталатындықтан компьютерлік үлгі (модель) жасау кеңінен қолданылады. Басқа да модельдеу сияқты компьютерлік модельдеудің де түрлері бар. Мысалы, математикалық модельдеуде қандай да бір құбылыс немесе үдеріс математикалық формулалар арқылы сипатталса, оның нәтижесін есептеу компьютерсіз күрделі болмақ. Сондай - ақ графикалық модельдеуді алатын болсақ, онда құбылыстың немесе үдерістің көрінуі шешімін табады. Мұндай модельдеу құбылысты күрделілігіне қарай көрнекі түрде ұсыну үшін керек. Және модельденетін жүйенің нақты өмірдегі нысанмен өзара әрекеттесетінін көрсететін нақты өмірдегі модельдеуді ерекше атауға болады. Бұл жүйедегі мысалға ойын (қолданушының әрекеті арқылы батырдың іс - әрекеті де өзгереді) қызмет етеді. Дегенмен нақты өмірдегі модельдеудің қолданылу аясы біршама кең (телевизия саласы, ядролық физика және т. б.) және маңызды тәжірибеге, мағынаға ие.
Бірқалыпты кеңістік және үшөлшемді орта. Декарттың кеңістіктің көрінісі өзара перпендикуляр үш ось: X, Ү және Z сияқты екені белгілі. Бүл біздің қабылдауымызда нысанның үзындығын, биіктігін және енін көрсетеді. Алайда, осы сипаттамаларға ие болса да нысан тағы да өзгере алады. Нысанның өзгеруі төртінші өлшем - уақытқа байланысты болады. Осылайша біз нақты нысандары бар бірқалыпты кеңістікке ие боламыз. Бірқалыпты кеңістікті компьютерде модельдеу үшін үшөлшемді модельдеу орталары бар. Мұндай орта кеңістіктің ауқымын пішіндеп, оны әртүрлі нүктелерден бақылауға, нысанды қозғалтып және өзгертуге мүмкіндік береді. Үшөлшемді модельдеу әртүрлі деңгейдегі күрделілікті қамтиды:
• Қарапайым 3D модельдеу. Үлгіні ықшамдалған пішінде құруға болады.
• Күрделі 3D модельдеу. Құрылатын үлгінің ұсақ - түйек детальдарының барлығы қамтылады.
Үшөлшемді модельдеу ортасында нысандарды құрып қана қоймай, оларды анимация - лауға да (уақыт бойымен орнын, қасиетін өзгерту) болады. 3D анимация дегеніміз не? Бұл үшөлшемді сахна мен нысандарға негізделген қазіргі уақыттағы анимация бағыты. 3D анимациясы мультфильмдерде, жарнама роликтерін кұруда, көрмелер мен өрнекті суреттерде қолданылады.
Үшөлшемді графика ғылыми есептеулер, инженерлік жобалау және физикалық нысандарды компьютерде үлгілеу облыстарында кең таралған. Жалпы қазіргі ақпараттанған уақытта үшөлшемді графика адаммен байланысты саланың барлығында қолданылады десек артық болмас.
Үшөлшемді графика құратын компьютерлік программалар өте көп. Олар: 3D мах, Blender 3D, K - 3D, Wings 3D, Panda 3D, Sweet Home 3D, Maya және т. б.
4. Бекіту кезеңі
1. Нақты және виртуалды нысандардың айырмашылығы неде?
2. Виртуалдық деген не?
3. Модельдеудің мақсаты қандай?
4. Үшөлшемді графикада қандай компьютерлік модельдеу түрлері бар?
5. Үйге тапсырма беру.
6. Бағалау кезеңі.
Сабақтағы белсенділіктеріне, тақырыпты меңгеру, тапсырманы орындау деңгейлеріне байланысты бағалар қойылады.


Скачать


zharar.kz