Кулагино орта мектебінің
мектепке дейінгі шағын топ тәрбиешісі
Қадырқұлова Лаура Өмірзаққызы
Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары
Сабақтың мақсаты
Білім саласының мазмұны: Қатынас
Білім бөлімдері: Тіл дамыту
Мақсаты:
Білімділігі: Балаларды үй жануарларымен таныстырып, олардың аттарын дұрыс атап, төлдерінің дыбыстарын ажырата білуге үйрету.
Дамытушылығы: Сөздік қорын молайту, тілдің белсенділік қызметін арттыру.
Тәрбиелігі: Үй жануарларына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Жылулық шеңбері
Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім,
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім!
Ойын: “Не қалай дыбыстайды”
Ойын“Төлдерін тап”
Қошақаным
Жазда апамның аулына
Барып едім қыдырып.
Бір қошақан алдымнан
Шыға келді, жүгіріп.
Қайырмасы:
Ақ маңдайлы ай ма екен,
Шекер ме екен бал ма екен?
Кеттім оны сағынып,
Қошақаным қайда екен?