Сабақтың тақырыбы: А. Байтұрсынұлы Анама хат өлеңі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: А. Байтұрсынов - тілші, әдебиетші, көркемсөз шебері, ақын, аудармашы, қоғам қайраткері екенін таныту. Өлеңнің мазмұнын меңгерте отырып, идеясын ашу;
2. Дамытушылық: оқушылардың ойын еркін айта білуін қалыптастыру;
3. Тәрбиелік: мейрімділікке, адамгершілікке, ұлтжандылыққа баулу, ұлыларымызды үлгі тұтуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, топтастыру, сұрақ - жауап, талдау, ой толғау.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, домбыра, қобыз, сызба - кестелер, ҚР. картасы, кеспе қағаздар және жұлдызшалар, суреттер.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ.
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, ән - күй.
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен амандасу, түгендеу.
ә) психологиялық дайындық
Сабақтың дәйек сөзі: “Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға.” Ә. Кекілбаев
ІІ. Жаңа сабақ (3, 4, 5 - слайд)
1. А. Байтұрсынұлының өткен сабақта қандай шығармасымен таныстық? ( Қара бұлт өлеңі)
2. Өлең тақырыбы не жайында? (Адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттер жайында)
Ал бүгінгі сабағымызда Анама хат өлеңі.
3. Өлеңнің шығу тарихымен таныстырылады. (5 - слайд, сызба - кестемен)
4. Ән тыңдау кезінде Ақын туған жерінің келбеті слайдтары көрсетіледі (6, 7 - слайдтар).
ІІІ. Топтық жұмыс. (8 - слайд) Топтық жұмыс орындалу барысында Мүбарак Салақовтың орындауындағы А. Байтұрсынұлының Анама хат әні аудиотаспадан жіберіледі.
І топ. Ақындар
1. Алғашқы үш шумағын мәнерлеп оқу.
2. Бір шумақты өлең құрылысына қарай талдау.(сатылай кешенді талдау)
ІІ топ. Жазушылар
1. 4, 5, 6 шумақтарды мәнерлеп оқу.
2. Қара сөзге айналдырып, әңгіме құрау.
ІV. Сөздікпен жұмыс.
Лаухұлмахбұз – діни ұғым бойынша адам тағдыры жазылатын тақта
Хақ тағалам - жаратушы алла
Жарам – уайым, қайғы
Харам - адал емес
Кермесіне – кедергі, қарсылық мағынасында
V. Сергіту сәті. (10 - слайд, музыкамен)
VІ. Бекіту.(11, 12 - слайдтар)
1. Кім тапқыр? ойыны. Интербелсенді тақтада берілген тапсырманы оқушы сызба арқылы табады.
2. Шығармашылық жұмыс.
І топ. Ақындар Өз шығармашылығыңнан анаңа жазылған бір шумақ өлең оқып бер.
ІІ топ. Жазушылар Ана тақырыбына жазылған мақал – мәтелдер айтып бер.
VІІ. Қорытындылау. Топтастыру әдісі бойынша балаларға түрлі - түсті жұлдызша қағаздар таратылады.
Сабақта ақынның шығармаларынан кітап бұрышы ұйымдастырылады.(13 - слайд)
VІІІ. Үйге тапсырма:
1. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу.
2. Аналарымызға хат жазу (өлең шығару, сурет салу)
ІХ. Бағалау Сабақ барысында оқушылар жауабына жасыл, қызғылтсары, көк түсті жұлдызшалар сыйлық ретінде жауаптарына сәйкес беріледі. Мұндағы жасыл - өте жақсы , қызғылтсары - жақсы , көк - орташа . Оқушы жауаптарын А. Байтұрсынұлының тәрбиелі сөздерімен байланыстырып бағалау.