Бәрекелді достар

Скачать

Бастауыш сыныптарға арналған Зерде білім сайысы
Сынып сағатының тақырыбы: Біз білімді жас ұрпақ
Сынып сағатының мақсаты: Оқушылардың әр пән бойынша білім, білік дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Әр пәнге деген қабілеттерін арттыра отырып оқушыны жан - жақты, білімді, тәртіпті етіп тәрбиелеу.
Сынып сағатының түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, ой - қозғау, ой - дамыту құрастыру, жұмбақ шешу, математикалық амалдарды орындау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, алтын кітап, слайдтар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: І. Қадірлі қонақтар және оқушылар!
ІІ. Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Олай болса бүгін сендер қызықты, және әр пәнді қамтитын бастауыш сыныптарға арналған Зерде білім сайысына қош келдіңіздер.
І. Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берілудің керек және тапсырмаларды дұрыс орындаулардың қажет.
ІІ. Зерде білім сайысы – бұл еңбек. Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты, ойларың жинақталған болуы керек және тәртіп сақтаған жөн. Бүгінгі сайыста 3 а сыныптың қыздары мен ұлдары өз білімдерін ортаға салғысы келіп отыр.
Ендеше осы сыныптың оқушыларымен танысамыз.
1. Әр топ басшысы өз тобымен және топ мүшелерімен, топ ұранымен таныстырады.
1 Білім тобын қошеметпен ортаға шақырамыз. Топ басшысы: Сергалиева Айнур
Айнур қош келдің, көңіл - күйлерің қандай? Ойынға дайынсыңдар ма? Ал, бәрекелді! Рахмет. Орнымызға барып отырайық.
2 Достық тобын ортаға шақырамыз. Топ басшысы: Эрмуратов Нариман
Нариман қош келдің, бүгінгі ойында жеңіске жету үшін не істедіңдер? Бәрекелді достар! Дайынсыңдар ма?
Дайын болсақ, біз бірінші кезеңімізді бастаймыз. Бұл кезең Білгенге маржан деп аталады.
Бұл кезеңнің шарты: Оқу бағдарламасынан 6 сұрақ беріледі. Әр сұрақ кітаптарда жасырылған. Сұраққа жауап беру үшін 1 минут уақыт беріледі. Бұл кезеңнің шарты түсінікті ме достар? Бәрекелді!
Ендеше топ басшыларын ортаға қошеметпен шақырамыз. Топ басшылары ойын кезегін Сулефа ойыны арқылы анықтайды.
- Ал, балалар бұл ойынға дайынсыңдар ма? Ендеше мен сендерге сәттілік тілеймін.
Ал, ендеше барлығымыз тақтаға қараймыз. Алты кітаптың суреті берілсін.
Ал, балалар қандай кітапты таңдайсыңдар?
№1 кітап Бұл кітаптағы сұрақ дүниетану пәнінен берілген:
Кеуде қуысының сол жағында қандай ағза орналасқан?
Жүрек
№2 кітап Бұл кітаптағы сұрақ қазақ тілі пәнінен берілген:
Зат есім неше түрге бөлінеді?
Жалпы және жалқы зат есім
№3 кітап Бұл кітаптағы сұрақ дүниетану пәнінен берілген:
Аяқ сүйегіндегі ортан жілік қандай сүйекпен жалғасады?
Жамбаспен
№4 кітап Бұл кітаптағы сұрақ ана тілі пәнінен берілген:
Мен елімді сүйемін атты әңгімені жазған кім?
Сырбай Мәуленов
№5 кітап Бұл кітаптағы сұрақ математика пәнінен логикалық тапсырма берілген:
Бақытжанның 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақытжанның неше баласы бар? ( 5 баласы бар)
№6 кітап Бұл кітаптағы сұрақ қазақ тілі пәнінен берілген:
Етістік сөз табы нені білдіреді?
Заттың қимылын.
Бәрекелді балалар! Бірінші кезеңімізді аяқтап, ұпай санын санаймыз.
Білім тобы ------- ұпай; Достық тобы ------- ұпай
Жеңімпаздарды құттықтаймыз, алайда бұл әлі бірінші кезең. Алда әлі 4 кезең бар.
Ал, достар Әліппи деп аталатын екінші кезеңде сендерге әріп беріледі. Сол әріптен басталатын сөздер жазасыңдар. Қай топ сол әріптен басталатын сөздерді көп жазса, сол топ жеңімпаз атанады. Бұл ойында сендер адамның аты - жөнін, қала, жер - су аттарын жазбайсыңдар. Сонда сендер қандай есімдерді жазбайсыңдар? Жалқы зат есімдерді. Ал жазасыңдар жалпы зат есімдерді.
Ал ендеше компьютер бізге бір әріпті таңдасын. Бұл Т әрпі. Осы әріптен басталатын сөздерді жазыңдар. Уақыттарың шектеулі. Дайын болсақ біз бастаймыз:
Тас, ту, тақия, тырна, терме, таңба
- Ойынды тоқтатамыз. Ал енді сөздеріңді кезекпен оқи береміз.
Жақсы, көп сөз жазған топ жеңімпаз атанады.
- Ал, достар қорытынды ұпайларыңды атайтын болсақ:
Білім тобы ------- ұпай; Достық тобы ------- ұпай
Құттықтаймыз.
- Ал, достар Сөзден сөздер құрастыру деп аталатын үшінші кезеңге жетіп қалдық. Алдарыңда тақтада ұзын сөз беріледі. Сол сөзден сөздер құрастырып жазасыңдар. Сол сөздегі әріптерді ғана пайдаланамыз. Сөз ішіндегі әріптерді қайталап жазуға болады, бірақ бір топ сөзді айтып қойса келесі топ ол сөзді айта алмайды.
Ал ендеше бәріміз тақтаға қараймыз. Бізге саңырауқұлақ деген сөз берілген Енді, осы сөзді пайдаланып, әріптерді өзгертпей, сөздер құрастырамыз. Қай топ көп сөз құрастырады, сол топ жеңімпаз атанады. Уақыттарың шектеулі. Дайын болсақ біз бастаймыз:
- Көп сөз құрастырған топқа 5 ұпай беріледі. Жарайсыңдар достар!
- Ал, достар қорытынды ұпайларыңды атайтын болсақ:
Білім тобы ------- ұпай; Достық тобы ------- ұпай
- Достар, алда әлі екі кезең бар. Жеңістен айырылып қалмаңдар.
Алдарыңда әр топқа математикалық амалдар берілген. Қай топ 1минут ішінде қанша есепті шығарады, сол топқа сонша ұпай беріледі.
Достар, математикадан қандайсыңдар?
Дайын болсақ біз бастаймыз. Көбейту, бөлу, қосу, азайту амалдарын қоямыз
1 Білім тобы 2 Достық тобы
- Ал, достар қорытынды ұпайларыңды атайтын болсақ:
Білім тобы ------- ұпай; Достық тобы ------- ұпай.
Барлық ұпай санын қосқанда Білім тобы ------- ұпай;
Достық тобы ------- ұпай.
Қошемет достар.
Ал, енді достар соңғы мәреге де жетіп қалдық. Бұл кезең Жұмбақ шешу деп аталады. Жұмбақтың шешуі мына алтын кітаптың ішінде жасырылған.
Жүзі бар сәнді сұлу ондап, мыңдап,
Сыры бар неше алуан тұрсаң тыңдап.
Жүрмейтін жері де жоқ әлемде оның
Қадірі мейлінше зор, ол неткен зат?
Ізінен іздегендер жол табады,
Олжаны аздап емес мол табады.
Әрине бұл кітап. Біз енді қорытынды ұпай сандарын санап, жеңімпаздарды анықтайық.
Қорытынды:
Сонымен бар кезеңнің ұпай санын санағанда бізде Достық немесе Білім білім тобы жеңді ме? Соны анықтайық.
Жарайсыңдар балалар!
Марапаттау кезеңі:
Балаларға диплом беру және тәтті сыйлықтар ұсыну.
Осымен, бүгінгі сайысымыз аяқталды. Кездескенше күн жақсы.

Мамлют қазақ мектеп - интернаты
Біз білімді жас ұрпақ
Зерде білім сайысы аясында, тілдер апталығына байланысты өткізілген тәрбие сағаты
3 а сынып
Өткізген: Шаукерова А. А.


Скачать


zharar.kz