Ана тілі пәні
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар. Түйе
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін пысықтай отырып, ана тіліміздегі дауыссыз төл дыбыстарды ажырата білуге, дұрыс айта білуге үйрету.
Дамытушылық: Дауыссыз дыбыстардың жеке тұрғанда өздігінен дыбысталмайтынын түсіндіру арқылы сөздердегі дауыссыз дыбыс әріптерін таба білу дағдыларын, түсініп оқу, мәнерлеп оқу техникаларын дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды таза, көркем, шапшаң жазуға төселдіру.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Көрнекілік, сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тірек - сызба, үлестірмелі парақшалар
І. Ұйымдастыру бөлімі
Сабақ барысы
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Төлді қалай шақырады? өлеңін мәнерлеп оқыту.
2. Өз орнына орналастыр ойыны
Шопаната, Қамбарата, Сексеката, Ойсылқара, Зеңгібаба осы берілген сөздерге төрт түлік малдың суреттерін жаңылыспай орналастыру. Суреттер арқылы орындалады.
3. Топтастыру әдісі
Ұяң Үнді Қатаң
ІІІ. Жаңа сабақ
1. а) 20 – жаттығу Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Қарамен жазылған сөздерді дауыссыз дыбыс әріптермен тауып, астын сызыңдар.
Түйе боздайды. Сиыр мөңірейді. Қой маңырайды. Жылқы кісінейді.
ә) Вагон, цирк, фирма, чек сөздеріндегі дауыссыз дыбыстарды тауып ерекшелігін айт.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Тез шынығып алайық.
2. 21 – жаттығу Үлестірмелі парақшалар тарату. Сәйкестендір арқылы орындау.
Қай мал қайтеді?
Түйе қоздайды
Жылқы бұзаулайды
Сиыр лақтайды
Қой құлындайды
Ешкі боталайды
Оқушыларға тақтаға бір - бір сөйлемнен жаздыру. Тақтадан дәптерге көшіріп жаздыру.
3. Үйге өткен сабақта төрт түліктің төресі – түйе туралы біліп келу, суретін салып келу тапсырылған болатын, сол бойынша балаларды тыңдау.
4. а) Мәтінді оқу.
ә) сөздік жұмысы, түсіндіру, балалардың айтқандары бойынша, сурет бойынша салыстырып талдау.
б) Тізбектей оқыту.
в) Тауып оқыту.
- Түйенің пайдасы туралы айтылған тұсты тауып оқы.
- Түріне байланысты айтылған тұсты тауып оқы.
5. Ой қозғау
- Балалар, ата-әжелерің, ата-аналарың сендерді қалай еркелетеді? (түйенің төліне байланысты).
- Ботам, ботақаным. (балалардың жауабы)
- Неліктен деп ойлайсыңдар? (жауап тыңдалады)
Толықтырып түсіндіру.
- Себебі бота сүйкімді, әдемі, көздері үлкен, мөлдір қара, тартымды төл. Сендер де сол сияқтысыңдар, сондықтан да сендерді үлкендер осылай айналып-толғанып еркелетеді.
6. Ф. Оңғарсынованың Ботақаным өлеңін мәнерлеп оқу.
а) Оқушыларға тізбектей оқыту.
ІҮ. Сабақты бекіту
1. Топтастыру
2. Сұрақ – жауап:
а) Дауыссыз дыбыстар қалай дыбысталады?
ә) Дауыссыз төл дыбыстарды ата.
б) Басқа тілден енген дауыссыз дыбыстарды ата.
Ү. Үйге тапсырма:
1. Түйе мәтінін түсініп оқу, Ботақан өлеңін мәнерлеп оқып келу.
2. Дауыссыз дыбыстардың түрлеріне қарай топтап, сол дыбыстардан басталатын 5 сөзден жазу.
ҮІ. Бағалау: Сабаққа қатысуына қарай бағаланады.