Тамырда қан, бойымда жылуым бар,
Құшағыма тоңсаңдар тығылыңдар.
Тыңдаңыздар, дүрсілін жүрегімнің,
Сол дүрсілден жанымды ұғыныңдар!
Көзімде от, жүректе қызуым бар,
Ерітеді көңілдің мұзын ызғар.
Дүние мен малға емес, жүрегімнің,
Соққанына дүрсілдеп қызығыңдар!
Үйреніңдер мінездің ұстамдығын,
Өмір үшін адамның құштарлығын.
Отымды ал жүректен, жылуымды ал,
Оянбайды бәрібір іштарлығым!