Мақсаты:
Білімділік: Окушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру, өз тіліне, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу.
Дамытушылық: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру.
Тәрбиелік: Оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге үйрету.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, буклет, жайма қағаздар
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
Қамажай: Қуан далам! Қуанатын күн бүгін, Тіл туралы заңым енді күніне Қуан халқым! күніне енді тіл заңы, Сүйінші! - деп ақын ұлың жырласын.
Аружан: Сәлем достым!
Қамажай: Сәлем! Қалың қалай?
Аружан: Жақсы! Достым бүгін не үшін жиналғанымызды білесің бе?
Қамажай: Ия, бүгін Тілдің мерейі - елдің мерейі - атты сынып сағаты болады.
Аружан:- Осы тіл не үшін керек?
Қамажай:- Досым - ау, тіл бір - бірімізбен сөйлесу, түсіндіру үшін қажет қой. Мұғалім Тіл - қарым - қатынас құралы деп түсіндірді емес пе?
Аружан: Жарайды, тіл қарым - қатынас құралы - ақ болсын, онда адамдардың бәрі бір тілде сөйлеп, түсіне бермей ме? Ана тілі деп бөлгені несі?
Әділет: Ой - ой, достым - ай! Кез келген адамның өз анасы болатыны сияқты дүние жүзіндегі халықтардың да өз анасы, өз тілі, өз Отаны бар емес пе?
Ғани: Ана тілі дегеніміз - ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой. Ал ана деген - бәрінен қастерлі, аяулы асыл жан.
Несібелі: Ана тілі бүгінде барлық Қазақстан халықтарының мәртебесі, мақтанышы. Тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болды. Енді осы ана тіліміздің өрісін кеңейту, қолданыс аясын барынша ұлғайту біздің міндетіміз.
Марал: Мен сендерге С. Мәуленовтың бір өлеңін оқып берейін,
Сол тілммен дүниені атадым,
Таптым бүкіл тіршіліктің атауын.
Жатты онда уыз сүті ананың,
Жатты онда аманаты атаның.
Сол тіліммен махабатқа тіл қаттым,
Сол тіліммен талай гүлді жинап тым
Сол тіліммен сәбилерді сөйлеттім,
Сол тіліммен көз жастарын құрғаттым.
Сол тіліммен аспан көрдім, жер көрдім.
Сол тіліммен көгергенше жер бердім.
Сол тіліммен дүниеден кетемін,
Сол тіліммен дүниеге мен келдім.
Жаңагүл: Керемет екен. Ал Әбділда Тәжібаев атамыздың мына өлеңі естеріңізде ме?
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдагы.
Өссе тілім - мен де бірге өсмін,
Өшсе тілім мен бірге өшемін.
Аяжан: Ана тілім - бәрің сөйлер шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам, не білем?
Тілім барда ғана мынау ғаламның,
Кілтін табар саналысы сезінем.
О, адамдар, қадіріне жетіңдер,
Ана тілін - анаң, сыйлап өтіңдер!
Нұржан: Дұрыс - ақ, бірақ кейде өзінің ана тілін сыйламайтын, білгісі келмейтіндер де кездесіп қалады. Олар туралы не айтар едіңдер?
Айбол: Әрине, адамның бәрі бірдей емес, түсінігі төмен, білімі таяз кейбір мәңгүрт жандар болатыны рас, ондайлар жайлы қыргыз ақыны Сарноғаев былай деген:
Ана тілін білмеген,
Ақылы жоқ желік бас.
Ана тілін сүймеген -
Халқын сүйіп жарытпас.
Саяжан: Ал халқымыздың кемеңгер жазушысы Ғ. Мүсірепов атамыз: Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ана тілін өгей ұлдар ғана менсінбейді деген, сондықтан өз тілімізге, өз ұлтымызға өгей болмайық, достар!
Саламат: Қазақ тілі – ұлы Абай, Шоқан, Мағжан, Мұхтар, Ғабит, Сәбит аталарымыздың тілі. Менің тілім! Мен осынау ғажайып сырға толы ана тілімде сөйлей алатыныма, ана тілімде ойымды жеткізіп отырғаныма қуанамын!
Мейіржан: Біздің ана тіліміз - қазақ тілі. Ол тек отбасы, ошақ қасының тілі емес, мемлекеттік тіл ғой.
Артур: Иә, иә, оның рас. 1995 жылы 30 тамызда қабылдынған жаңа Конституцияда қазақ тілі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі болып бекітілді. Ал1997 жылы 11 шілдеде Тіл туралы Заң қабылданып, оның 4 - бабында Қазақстан Республикасының Мемлекетттік тілі - қазақ тілі екені жазылды.
Жаңагүл:
Бәрекелді достар! Тіл туралы қаншама пікірталастар, әңгіме жүргізіп жатсыңдар оларың дұрыс екен.
- Ал мен сендерге тіл туралы жалпы түсінік бере кетейін.
- Дүние жүзінде халық та, тіл де көп, ұлттарды бір - бірімен ажыратып бөлетін де жақындаттырып туыс ететін де басты белгісі оның тілі.
Тіл әр ұлттың ұлт ретінде сақталуының кепілі.
Нұрхан: Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен - кеткенін зерделеп, оны жете таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлей аламыз.
Марал:- Біз сендерге Анамның тілі әнін орындап берейік. (Марал, Қамажай)
Аружан: Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін де, жауласқан елдердің арасын келісімге келтіретін де осы тіліміз. Ана тіліміздің ой тереңдігін, құдіреттілігін, оның қазына екенін дәлелдейтін көріністерді тамашалайық.
Көрініс: Төле бидің жұмбағы
Сахнаға үш би шығады. (тақта арқылы билердің суреті көрсетіледі).
Төле би (Саламат): Уа, халқым, сөз қадірін білетін, сөз таныған жастарға 10 түрлі жұмбағым бар.
Айтсам жұмбағым мынау:
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.
Дауыстар: Осындай жұмбақ бола ма екен?
Қазыбек би (Артур): Ұлы аға, бұл жұмбақты мен шешейін, рұқсат етіңіз.
Төле би: Рұқсат, Қаз дауысты Қазыбегім.
Қазыбек би:
Бір дегенің – бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегенің – егесіп өткен ер жаман.
Үш дегенің – үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман.
Төрт дегенің – төсектен безген жас жаман.
Бес дегенің – белсеніп шыққан жау жаман.
Алты дегенің – асқынып кеткен дерт жаман.
Жеті дегенің – жас келіншек жесір қалса сол жаман.
Сегіз дегенің – серпілмеген қайғы жаман.
Тоғыз дегенің – торқалы той, топырақты өлімге бас көрсетпесе сол жаман.
Он дегенің – кәрілікке дауа болмас.
Төле би: Рахмет, дәл тауып шештің, ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым менің.
Қазыбек би: Ал, Әйтеке халқына сен не айтасың?
Әйтеке (Айбол): Уа, халайық!
Көсіліп шабар жерің бар,
Тау көтерген елің бар,
Атадан қалған сара жолың бар.
Тіл қадірін білер болсаңдар!
Рахмет, балалар! Өркендерің өссін.
Келесі көрінісіміз Сөз қадірі деп аталады.
Қатысатындар: Автор, әкесі, баласы, қария.
Автор (Аяжан): Өте ерте заманда бір қадірлі шешен қария дүниеден көз жұмарында баласына:
Әкесі (Әділет): Балам, мен көп ұзамай дүние салам. Әкем қазына қалдырмады
деп өкпелеме. Ел ішінде қалдырып бара жатқан асыл мұрам бар. Соны іздеп тап, қадірле, қастерле, – дейді.
Автор: Мұны естіген бала әке мұрасын іздеймін деп табаннан таусылып, таба алмайды. Ойы сан – саққа кеткен бала бір күні ел ішіндегі абзал қарияға келеді.
Бала (Нұржан): Ата, әкем маған қандай қазына қалдырды? Мен іздеп таба алмадым. Мүмкін сіз білетін шығарсыз, айтыңызшы.
Қария: (Нұрхан) Әкеңнің сөзі рас балам. Оның саған қалдырған мұрасы – тіл. Ол шешен адам еді ғой. Бәріміз сөйлеуді сенің әкеңнен үйрендік. Тілден қымбат қазына, байлық жоқ, балам.
Автор: Деп, аталы сөздің шешуін айтыпты.
Мұғалім: Рахмет, балалар!
Қазақ тілінде тілжанашырлары да көп. Атап айтсақ: М. Шаханов,
Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Осы елімізде тілі - басқа, тілегі - бір, жүзі - басқа, жүрегі - бір тіл жанашырлары да бар. Мысалы: Надежда Лушникова, Майа Веронская, Асылы Осман, т. б. өзге ұлт өкілдерін атауға болады. Солардың ішіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Мемлекеттік тілге құрмет бірлестігінің төрайымы, филология ғылымдарының кандидаты, ғалым Асылы Османның бейнесюжеттегі пікіріне назар аударайық.
Бейнесюжет
- Біздің президентіміз Нұрсұлтан Ә. Н., үш тілді бірдей меңгер - дейді:- ол қандай тілдер еді, достар? (Қазақ, орыс, ағылшын.)
- Бірақ Қадыр Мырзаәлі былай дейді Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте .
Біздің ата жазушыларымыз, данышпандарымыз Әл - Фараби, Олжас Сүлейменов, Ш. Уалиханов, Мұхтар Әуезов бірнеше тілді меңгерген. Барлық мемлекеттердің президенттері негізгі 7 тілде бір - бірімен қарым - қатынас жүргізеді: Орыс, ағылшын, араб, қытай, француз, япон, испан тілі.
Қазіргі уақытта біз мектепте ағылшын және орыс тілдерін меңгеріп жатырмыз. Бұл тілдердің қоғамда алатын орны ерекше. Осы тілдер туралы Марина Қонысбайқызы мен Бану Серікқызы қысқаша мәлімет беріп кетсе …
Мұғалім: Рахмет сіздерге!
Ал балалар, біздер қазақ тілі - бай тіл, ырғақты, оралымды тіл дейміз. Соның дәлелі біздің тіліміздегі мақал - мәтелдер. Қане, кім тіл туралы мақа - мәтел біледі екен?
Мақал - мәтелдер:
1. Тіл тас жарады, тас жармаса … (бас жарады).
2. Дәлелсіз сөз … (желмен тең).
3. Ине көзінен сынады, … (шешен сөзінен сынады).
4. Піл көтермегенді, … (тіл көтереді).
5. Сөз тапқанға … (қолқа жоқ).
6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).
7. Шебердің қолы ортақ, … (шешеннің қолы ортақ).
8. Қаһарлы сөз … (қамал бұзар).
9. Бас кеспек болса да, … (тілкеспек жоқ).
10. Айтылған сөз, атылған … (оқпен тең).
***
1. Бал тамған тілден … (у тамған).
2. Тауды, тасты жел бұзар, … (адамзатты сөз бұзар).
3. Жақсы сөз … (жарым ырыс).
4. Жақсы байқап сөйлер, … (жаман шайқап сөйлер).
5. Тіл қылыштан … (өткір).
6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі … (ой өсіреді).
7. Жыланның уы тісінде, адамның уы … (тілінді).
8. Көре - көре көсем боларсың, сөйлей - сөйлей … (шешен боларсың).
9. Тілден артық … (қазына жоқ).
10. Сүңгі жарасы бітер, … (тіл жарасы бітпес).
Үйге сіздерге тіл туралы шығарма тапсырылған болатын. Қане, кім дайын?
Жарайсыңдар балалар!
Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың соңын Ақын Мұзафар Әлімбаевтың жыр жолдарымен қортындыласақ:
Тілің – халқың, халқың – тілің, Қос егіз!
Екеуінің саясында өсеміз.
Халық пен тіл – жасай берер қос емен,
Саясында көгереді көсегең.
Сіз бен біз де бұ дүниеден көшеміз.
Жасай бермек, жасайды сол қос – егіз!