Ауыл шаруашылығының жаңаша көрінісі

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Ауыл шаруашылығының жаңаша көрінісі
Мақсаты:
Білімділік: Ауыл тұрмысының ерекшеліктерімен таныстыру. Жаңаша құрылған шаруашылықтардың түрлерін білу. Ауыл шаруашылығындағы еңбекке бейімделу, ұжымдық, шағын қожалық сияқты өндірісті ұйымдастыру түрлері туралы білім беру.
Дамытушылық: Жаңаша ұйымдастырылып отырған шаруашылық түрлерін біліп, осы заманғы шағын бизнесті табысты игеру жолдарымен танысып, ол білімдерін кейін өз өмірінде пайдалана алуға даярлау. Оқушыларды жаңа өмірге даярлау. Сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Оқуға, белсенділікке, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Өз бетінше еңбектенуге уйрету, кәсіби бағдар беру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Көрнекілік: интерактивный тақта
Әдісі: сұрақ - жауап, баяндау, венн диаграммасы, ассоциацияқұру.
Өту барысы
Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушы назарын сабаққа аудару.
ә) үй тапсырмасын сұрау.
б) оқушыларға сұрақ қою.
г) үй тапсырмасын бекіту. Тест
1. Ауыл шаруашылығын жандандыру жолдары:
а) түрлі фирмалар салу
ә) түрлі фермалар ашу
б) зауыт салу
в) құрылысты салу
2. Зауыттың пайдасы.
а) Ауылды гүлдендіреді
ә) Көп қаржы бөлінеді
б) халық жұмысқа орналасады
в) көлік түрлері көбейеді
3. Ауыл байлығы неде?
а) түрлі тамақ жасау
ә) Табыс көзінде
б) Құнарлы жер, қызу еңбек
в) Жеке қожалықта
4. Шаруа қожалығы дегеніміз не?
а) Ауылдағы еңбек бірлестігі
ә) Несие алу
б) Өз шаруаларын жүргізу
в) Салық төлеу
5. Шаруа қожалығының жұмысын кімдер ұйымдастырып, басшылық жасайды?
а) қожалық мүшелері
в) 18 жасқа толған ҚР - ң азаматы
б) ұл - қыздары
ә) ауыл халықтар
Мұғалім: сонымен біздің басты байлығымыздың бірі – халқымыздың мақтанышына айналған қаймағы бұзылмаған қазақ ауылы екенін естен шығармайық.
Ендеше ойланайық Ауыл дегенде көздеріне не елестейді?
Ауыл
Ал енді ауыл мен қаланың айырмашылықтарын еске түсірейік.
Венн диаграммасы
Қала Ауыл
көп қабатты үйлер адамдар тұрады көлік түрлері аз.
кең көше Атауы бар мал, құс өсіреді
көлік түрлері көп жұмыс орындары аласа үйлер
оқу орындары жеке шаруашылық от жағады
мекемелер су тасып ішеді
мектеп аурухана егін егіп, шөп шабады
дәріхана, кітапхана
Қала ауылға не береді? Ауыл қалаға не береді?
Ел басы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан жолдауында Біз кез келген ұлттық түп тамыры ауыл жұртына жататынын естен шығармауға тиіспіз - деген. Сондықтан ауыл шаруашылығына баса назар аударуда. Ауыл қала халқының жүрегі.
Ауыл өркендесе – ел гүлденеді деген сөз де бекерге айтылмаған.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Ауыл шаруашылығының жаңаша көрінісі.
Мұғалім: Ауыл шаруашылығы - материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық - түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Осындай өнімдерді даярлайтын шаруашылық қожалықтарының дамуына үкімет тарапынан көмек көрсетіледі.
Шаруа қожалығының құқығын айқындайтын заң қабылданды. Бұл заң бойынша өтініш жазған жасаған шаруа қожалығын керекті жерді бөліп береді. Тек мемлекетке тиісті салықтарын төлеп тұру керек. Қожалық иелері керек етсе, мемлекет тарапынан қарыз қаражат беріледі. Шаруашылықтар қажетті құралдары мен техника түрлерін алады да өз жұмыстарын жолға қояды.
Үкімет Шетел
Шаруашылық
қажет техника
Мұндай несие қарыз алып іске қосылып жатқан шаруашылықтар көптен саналады.
Соның бірі – Алматы облысындағы Байсерке сүт зауыты. Зауытта 700 - ден астам адам қызмет етеді. Сүттен әр түрлері тағам дайындалады да халыққа жеткізіледі. Арнаулы машиналардың ішінде тоңазытқыш болады. Олар сүтті өзінің маңайындағы ауылдардан алады. Сонымен қатар арнайы сүт өндіретін фермаларда бар. Онда Алатау тұқымды сиырлар тұқымы әкелінбек.
Осындай зауыттар біздің қаламызда бар. Зауыт кейінгі техника жетістіктерімен жабдықталған.
Мысалы: Айс
Слайд көрсету.
Тағы басқа қандай қожалықтарды білесіндер?
Көкөніс өндіретін жылыжай.
Аққұс құс фабрикасы.
Фуд мастер.
Бектіу сұрақтары.
Ауыл еңбеккерлерінің санын көбейтетіндер мектеп бітіруші жастар. Қазіргі кезде техниканың дамыған кезеңі. Қарапайым өсімдіктерді егу, күту, арам шөптен қорғау т. б. ауыл шаруашылық жұмыстары технологиялық процесс. Міне осы жұмыстарды атқаратын көп салалы маман қажет. Сондықтан жастар ауылға қажетті мамандықтарды таңдау қажет. Сендер өскенде қандай шаруашылыкты ұйымдастырар едіңдер.
Зауыттың елге қандай пайдасы бар?
- Халықты жұмыспен, сүт өнімдерімен қамтамасыз етеді.
Зауыт жұмысы күшеюі үшін не қажет?
- Зауыт кейінгі техника жетістіктерімен жабдықталу қажет.
Бағалау.
Үйге тапсырма.


Скачать


zharar.kz