Абай Құнанбайұлы поэзиясына талдау жасау

Скачать

Атырау қаласы,
№11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бағытжанова Айжан

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы Ғылым таппай мақтанба
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Өлеңді мәнерлей оқи отырып, адам бойында кездесетін 5 асыл қасиет пен 5 дұшпан қылықтарды ұғындыру, ақын шығармаларын оқып үйренуге баулу;
ә) дамытушылық: мәнерлеп, шапшаң оқу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын байыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету;
б) тәрбиелік: адамгершілікке, ғылым, білімге бейімдеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары
Сабақтың көрнекіліктері: кеспе қағаздар, тірек сызбалар, семантикалық карта, стикер, СТО стратегиялары

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушылармен сәлемдесу
ә) оқу құралдарын түгендеу

II. Үй тапсырмасын тексеру.
- Қыс өлеңін Абай атамыз 1884 жылы Семей өңірінде қыс қатты болып ел жұтаған, мал қырылған екен. Қыста жауған қар сәуір айында бір - ақ еріген. Бұл өлең сол кезеңде жазылған. Сондықтан ақын қысты Ақ киімді, денелі, ақ сақалды” зор тұлғалы адам ретінде сипаттаған.
Сөздік жұмысы.
Соқыр, мылқау - ештеңені көрмейді, естімейді.
Домбығып - суықтан ісіп, қызарып.
Шидем - қой жүнінен тоқылған сыртқы киім.
А. Құнанбайұлының Қыс өлеңі - 4 шумақты, 18 тармақты, 11 буынды, 2 - 3 бунақты, аралас ұйқас түріне құрылған өлең.

III. Жаңа сабақ.
Абайдың көп өлеңдері мәдениет пен білімге арналған. Бүгін біз Абай Құнанбаевтың Ғылым таппай мақтанба өлеңімен танысамыз. Өлең – поэзиялық жанр түріне жатады. Онда ұйқас, ырғақ болады.
Мысалы:
Ғылым таппай мақтанба, - а
Орын таппай баптанба, - а
Құмарланып шаттанба, - а
Ойнап босқа күлуге. - б
Өлеңнің құрылымдық жүйесі
1. 1 - шумақ
2. 4 тармақ
3. 2 бунақ
4. қара өлең ұйқасы

V. Мағыналық картаны толтыру.
Тақырыбы: Ғылым таппай мақтанба
Авторы: Абай Құнанбайұлы
Жанры: Поэзия
Түйінді ой: Жас уақытта оқып, білім алуға шақырады
Негізгі идеясы: Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз

VI. Абай Құнанбайұлы поэзиясына талдау жасау.

VII. Концептуальдық кесте. Өлеңді жан - жақты талдау
Шығарма аты: Ғылым таппай мақтанба
Асыл іс: Талап, Еңбек, Терең ой, Қанағат, рақым
Дұшпан: Өсек, Өтірік, Мақтаншақ, Еріншек, Бекер мал шашпақ
Тәрбиелік мәні: Жамандықтан жирену, Жақсылыққа үйрену, ғылымға көңіл бөлсең, білгендердің сөзіне еру т. б.
VIII. Қиық қағаздар сөйлейді Берілген қиықтардағы сөздерді бір - бірімен байланыстырсаң, әдемі қанатты ой шығады.
Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерден озады.
IX. Семантикалық карта
X. Сабақты бекіту:
1. Абай қандай нәрседен жиренуді, неден үйренуді ұсынады?
2. Абайдың бес асыл іс деп отырғаны нелер?
3. Өлеңдегі қашық - асық, жамандық - жақсылық, сөну - жану сөздерінің мағыналық айырмашылығына көңіл бөл, құмарлану, шаттану, рақым деген сөздердің синонимдерін тап.

XI. Үйге тапсырма.
а) Өлеңнен үзінді жаттау.
ә) Өз таңдаулары бойынша өлең шумағын талдау.

XII. Бағалау
Оқушыларды бағалау.


Скачать


zharar.kz