Өткен сабақты қайталау арқылы оқушылардың білімін тиянақтау

Скачать

Математика 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеулерді формула бойынша шешу тақырыбын қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өткен сабақты қайталау арқылы оқушылардың білімін тиянақтау.
Формулаларды есте сақтауға, жаттауға және қолдануға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту арқылы, танымдарын кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды тез ойлай білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.
Сабақтың типі: Өткен сабақты пысықтау.
Сабақтың әдісі: Топтық, Сто бағдарламасы
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер

Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар 4 топқа бөлініп, әр топ өздерін таныстырады.
Ұшқырлар тобы:
Кітапты алып қолына,
Берілген ғылым жолына.
Есепті шешу түк емес,
Ұшқырлардың тобына.

Алғырлар тобы:
Білімге толы санамыз,
Есепке жүйрік баламыз.
Қиналмай - ақ шешімін,
Табатын алғыр баламыз.

Тапқырлар тобы:
Тапқырлар биіктерге қалықтайды,
Есеп десе ешқашан жалықпайды.
Жеңіс туын желбіретіп, биік ұстап,
Теңдеудің түбірлерін анықтайды.

Жүйріктер тобы:
Есептеу құпиясын ойға іліп,
Есептің шығарылар жолын біліп.
Бұл топта суырылып талай бала,
Шығады мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік.

2. Үй тапсырмасын тексеру.


Скачать


zharar.kz