Дихрем сөзінің мағынасын тап

Скачать

Пән аты: Әдебиеттік оқу 2 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Ө. Ақыпбекұлы. Сөз сиқырын ұғайық.
Сабақтың мақсаты. 1. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқуға үйрете отырып, мемлекеттік тіл туралы ұғымдарын кеңейту, тіл – халық қазынасы екенін түсіндіру.
2. Тілді меңгеруге құштарлықтарын арттыру, сөздік қорларын тереңдету, дұрыс сөйлеуге төселдіру. Сөздік қорларын дамыту.
3. Тілді сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі. Ө. Ақыпбекұлының суреті, суреттер, мақал - мәтелдер, ребус, тест.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі. Топтық, жеке жұмыстар. түсіндіру, шығармашылық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, Ағылшын тілі. Орыс тілі.

Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Керемет баға мәтіні.
- Кім түсінгенін айтады?

3. Жаңа сабақ
А) Ой қозғау
(секер мен тұз езілген екі ыдыстағы сұйық суды екі оқушыны шақырып, дәмін татқызам. Біреуінің ащы, екіншісінің тәтті екенін айтады).
- Тіл - дәм сезу мүшесі. (Дүниетану пәнінен оқып үйрендік)
- Ребус шешу.
- Ребус шешуі: Жыланның уы тілінде,
Адамның уы тілінде ( Сөздің де ащы, тәттісі де бар екенін түсіндіру)
- Тілмен тағы не істейміз?
- Сөйлесеміз.
- Аузымызды жауып отырып, сөйлесе аламыз ба? Ыммен түсіндіре аламыз ба?
- Тіл - қатынас құралы.
- Біз қай тілде сөйлесеміз?
- Біз қазақ тілінде сөйлесеміз.
Ә) - Өзге тілдің бәрін біл,
- Өз тіліңді құрметте дегенді қалай түсінеміз?

Б) Сұрақтар:
1. Біздің еліміз қалай аталады?
2. Мемлекеттік тіл қай тіл?
3. Мемлекеттік тіл қазақ тілі болуының себебі неде?
4. Оқулықпен жұмыс.
Ө. Ақыпбекұлы Сөз сиқырын ұғайық
1. Автор туралы әңгіме.

Ақыпбекұлы Өтепберген 8. 10. 1950 жылы Алматы облысы, Қапал ауданы, Ақсу ауылында дүниеге келген. Ақын. Аудармашы. Балаларға арнап Доп (1985), Футболшы боламын (1982), Жарыс (1985), Айдын шалқар (1986), Экологиялық әліппе , Ажарлы Астана , Төрт түліктің төресі кім? жыр жинақтары жарық көрген.
Бүгін біз Сөз сиқырын ұғайық өлеңімен танысамыз.

2 Үш тұғырлы тіл туралы айту.
Үш тұғырлы тіл туралы идеяны мемлекет басшысы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария етті.
Қазақстан бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек.
Олар: Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлт - аралық қарым - қатынас тілі,
Ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіргізу тілі.
Ойлан, тап.... дамытамыз,... қолдаймыз,... үйренеміз.
Оқушылар жауабы: Мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз, ағылшын тілін үйренеміз.
Жұмбақ Білімнен мол сый - асы,
Балғындардың ұясы (Мектеп)
Мектеп сөзін үш тілде айтайық: Мектеп - школа - schooi
(орыс, ағылшын тілінде тақпақтар білесіңдер ме?)

3. Оқулықпен жұмыс.
Мұғалімнің оқуы.
Оқушының оқуы.

4. Дәптермен жұмыс.
Сөздік жұмысы:
Тіл ұстарту - дұрыс сөйлеуге, шешендікке үйрету.
Тіл сындыру - жаңадан тіл үйрену
Елдестіру - табыстыру, татуластыру, келістіру.

5. Өлең мазмұны бойынша сұрақ - жауап жүргізу.
Адам өз ойын қалай жеткізеді?
Биыл тәуелсіздікке неше жыл?
Үш тұғырлы тілдер не үшін қажет?

6. Топпен жұмыс
1 - топқа 2 мақал беріледі. Сол мақалдардың ішінен тіл туралы мақалды тауып, мағынасын ашу. Тақтаға жазу.
1. Ата - ананың ақылы -
Сайрап жатқан жолмен тең.
2. Құлақ екеу, тіл жалғыз,
Аз сөйлеп, көп тыңдаңыз.

Сүйдірген де - тіл
Күйдірген де – тіл.
2 -топқа өлең жолдары беріледі. Тіл туралы жырланған өлең жолдарын тауып, мағынасын ашу. Жатқа айтқызу.
1. Сақтар болсаң халқыңды – тілді сақта,
Баға жетпес мұра жоқ тілден басқа!
Тілден басқа жиһаздың бәрін түгел
Базарлайсың қалтаңда ақшаң жатса.
Әбу Сәрсенбаев.

2. Тәуелсіз ел атандық,
Биік даңқың.
Бар әлемге әйгілі
Мәлім атың.
Ата - баба қанымен,
Келген бізге
Тәуелсіздік құт болып,
Қонды еліме.

7. Тест
1. Тәкаппар сөзінің мағынасын тап.
А) Менмен, өзін өзгелерден биік ұстайтын адам.
Ә) Жалқау.
Б) Білімді.
2. Дихрем сөзінің мағынасын тап.
А) Орыстың ақшасы
Ә) Араб елінің ежелгі ақшасы
Б) Татар елінің ақшасы

3. Жаңылтпаш дегеніміз не?
А) Бір нәрсені тұспалдап айту.
Ә) Шапшаң айтылатын бір шумақ өлең.
Б) Бір нәрсені жасырып айту..

4. Тышқан арыстанға қалай көмектесті?
А) Арқанды шешті.
Ә) Тісімен қырқып тастады.
Б) Көмектескен жоқ

5. Нағыз адам қандай адам?
А) Еріншек.
Ә) Елгезек.
Б) Бойында барлық жақсы қасиеті бар адам.
8. 5 жол өлең құрастыру Тіл тақырыбына
9. Қорыту.
- Бүгінгі сабақтан не ұқтыңыздар?
- Сөз сиқыры дегеніміз не?

10. Бағалау.
11. Үйге тапсырма беру. Өлеңді мәнерлеп оқу, тіл туралы мақал - мәтелдер жинау.


Скачать


zharar.kz