Атамұра тобына

Скачать

Мақсаты: Ұлттық салт - дәстүрді, әдет - ғұрыпты оқушылар бойына дарыту.
Тіл мәдениетіне, ұлттық сана - сезіміне, әдемілік пен әсемдікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Өту әдісі: жарыс сабақ
Қажетті құрал - жабдықтар: нақыл сөздер, асықтар, қоржын, киіз үй макеті, кесте
Пәнаралық байланыс: әдебиет, сөз өнері, математика, музыка
Барысы: І. Ұйымдастыру
Шаттық шеңбер
Балаларды шеңберге тұрғызып, сиқырлы қамшыны көрсетіп, балаларға мынадай сөздер айтылады: Балалар мына сиқырлы қамшы арқылы бір - бірімізге жылы тілектер айтайық
Бақыт, шаттық тілеймін,
Ертемен барлық балаға.
Мен бәріңе денсаулық тілеймін! т. б. деп балалар тілектерін жалғастырады.
Мейірімді, қайырымды, қуаныш, татулық, достық, жақсылық, жақсы қарым - қатынас, жақсы көңіл - күй, жауапкершілік, сабырлы, ізгілікті, қамқоршы, сыйлы.

- жақсы отыра қойыңдар. Барлықтарыңызға бүгінгі тәрбие сағатымызда сәттілік тілеймін.
Жиналыппыз, сәтті күні бәріміз де,
Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де
Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар,
Гүл - гүл жайнап мына біздің төрімізге.

- Құрметті қонақтар, ұстаздар! Сіздер №18 мектептің 4 ә - сыныбына қош келіпсіздер! Сіздерге 4 ә - сынып оқушыларының ұйымдастырған тәрбие сағатымызды тарту етеміз.

- Қазір ең алдымен тақырыбымызды ашып алайық. Егер мына тұрған криптограмманы шешсек бүгінгі біздің тақырымызда не жайлы айтылатыны ашылады.
- Қандай сандар көріп тұрсыңдар? Олар қандай сандар? киелі, қасиетті сандар . Ендеше осы сандар арқылы көбейтумен берілген тапсырмаларды орындап, шыққан сандарды төменде берілген кестенің ұяшықтарына орналастырасыңдар. Оның артында берілген әріптерден бір сөз шығады.
3 х 3 4х4 5 х 5 6 х 6 7 х 7 7 х 9 9 х 9

с а л т - д ә с т ү р
42 9 25 49 63 20 16 42 49 81 36

- Ал енді балалар, қандай сөз шықты? салт - дәстүр
- Ендеше, бүгінгі біздің тақырыбымыз осы бағытта болмақ. Тақырыбымыздың аты Қадірлесең салт - дәстүр – қымбатты асыл қазына .
- Қандай салт - дәстүрлерді білесіңдер? Үйлеріңде осының қайсысы қолданыста?

Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Бүгінгі осы тәрбие сағатымызда үш топ тақырып негізінде ойларын ортаға салады. Ол үшін сынып үш топқа бөлініп отыр. Әр топтың топ басшысы бар. Ал енді мынау отырған оқушылар, сендер сарапшы боласыңдар. Үш топтың тақырып төңірегінде айтқан ойларын таным таразысына сала отырып, соңында әділ бағалап, дауысқа саласыңдар. Сол үшін мына жұлдызшаларды әрқайсыларыңа таратып беремін. Бұл жұлдызшаны өздеріңнің ойларыңнан шыққан топтың қалташығына саласыңдар.
Жоспарымен таныстыра кетсем:
1. Келіңіз, танысайық . Әр топ өздерін таныстырып, ұрандарын айтады .
2. Зерделінің ойы озық Қоржыннан асық ала отырып, сол асық нөмірі бойынша сұрақтарға 1 минут ішінде жауап беру .
3. Киіз үй тігу ойын түрінде
4. Салт - дәстүр нәрі әр топ қазақтың салт - дәстүрінен көрініс көрсету
- Кәне енді балалар, сайысқа түсуге дайынбыз ба?
Олай болса, бірінші тапсырма көпшілік қауымға өздеріңнің топтарыңды таныстыру.
І бөлім: Келіңіз танысайық бөлімі бойынша әр топ өз топ аттары мен ұрандарын таныстырып өтеді.

Мұғалім: Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт - дәстүрді ардақтайық, ағайын
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған – дей отыра 2-ші бөлімімізге кезек берейік.

ІІ бөлім: Зерделінің ойы озық 1 минут ішінде топ басшылары қоржыннан асық алып, асық нөмірі бойынша кім жылдам сұрақтарға жауап берсе, сол көп ұпай жинайды
І топ Мұрагер тобына:
1. Киіз үйдің қабырғасы қалай аталады? (кереге)
2. Қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтанатты дәстүр. (шашу)
3. Тойдың кешкі ойынын өлеңмен бастайды. Сонда айтылатын өлең? (тойбастар)
4. Домбауылды жекпе - жекке шақырған батыр (батырдың аты Ер Тарғын)
5. Қазақтың қыз - жігіттері кешкі уақытта жиналып ойнайтын ұлттық ойындарының бірі (алтыбақан)
ІІ топ. Еркем - ай тобына
1. Кереге мен шаңырақ ортасын қосатын негізгі бөліктің бірі (уық)
2. Кез келген жерде айтыла бермейтін ұғым (бата)
3. Екі жас босаға аттап келе жатқанда айтылатын өлең. (жар - жар)
4. Біз қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз деген үзінді қай бидің сөзі? (Қазыбек би)
5. Бір топ аттылар жарысын не деп атайды? (Көкпар)

ІІІ топ. Атамұра тобына
1. Киіз үйдің төбесі қалай аталады? (шаңырақ)
2. Қуанышты хабар жеткізушінің сөзі (сүйінші)
3. Жаңа түскен келінді дәстүр бойынша көру үшін не айтылады? (беташар)
4. Сабалақ атанған хан (Абылай хан)
5. Асықты шашып, таласып ойналатын ойын. (ханталапай)

Мұғалім: Ойын ойнап, ой сергітіп,
Білгеніңді айт, балақай.
Санаға сапар шегіп,
Алға ұмтыл тартынбай – деп келесі кезек санаға сапар ойынына беріледі.

ІІІ бөлім. Киіз үй тігу ойыны. берілген әрбір тапсырмаларды орындай отыра, киіз үй бөлшектерін жинақтау
Киіз үйді тігу үшін ең алдымен не құрылады? Оны құру үшін мына сұраққа жауап береміз.
1. Үш жүзді ата (Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз) кереге
2. Жеті атаны атап бер (Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене) шаңырақ
3. Бес асыл іс пен бес дұшпанды ата. (бес дұшпан - өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ; бес асыл – талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым ойлап қой.) уық
4. Атаңның баласы болма,... (адамның баласы бол) есік
5. Әке көрген оқ жонар,.... (шешеге көрген тон пішер) туырлық
6. Жеті атасын белген ер,... (жеті жұрттың қамын жер) үзік
7. Есікті.... (керуге болмайды) белдеу
8. Отқа су құйма, түкірме – тыйым сөзінің мағынасын түсіндір (себебі, от - өмір, тіршілік көзі саналған) ою
9. Нанға байланысты қандай тыйым сөз білесің? (Нан уағын шашпа; нанды жерге тастама, үстіне басқа зат қойма; нанды бір қолыңмен үзбе) түндік
Сонда балалар, киіз үй дегеніміз не?
Біздің заманымызға дейінгі ғасырларда пайда болған киіз үйді біздің халық қасиетті, киілі қара шаңырақ деп дәріптейді. Өйткені, киіз үй оның тұрағы, құтты мекен - жайы, еншісі, баспанасы, мүлкі, мақтанышы деп бағаланды.

Мұғалім: Әдет - ғұрып, салт - дәстүрі қазақтың,
Жарасымды, үйлесімді ғажап шың.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттан, жанар таудан қашпайық – деп келесі кезекте Салт - дәстүрдің нәрі деген бөлімде үш топ көріністерін көрсетеді.

ІҮ бөлім. Салт - дәстүрдің нәрі атты үй тапсырмасы
І топ Мұрагер тобы – Балаға ат қою
ІІ топ Еркем - ай тобы – Қырқынан шығару
ІІІ топ Атамұра тобы – Тұсау кесу

Енді осының барлығын бағалайтын сарапшыларға сөз кезегін береміз. Әр топты бағалап, қай топтың оқушылары қазақтың салт - дәстүрін сақтап, көп білетіні жайлы білеміз.

Осы тәрбие сағатымызды қазір барлық жерде қазақтың қара жорғасы қолданылып келеді. Сонымен осы тәрбие сағатымызды аяқтап, қорытындылаймыз.
Би Қара жорға
Ән: Күнге табыну Хамитова Азалия
Міне, осымен бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз аяқталды. Қазақтың салт - дәстүрін ұмытпай, есте сақтап жүрейік. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет. Сау болыңыздар!


Скачать


zharar.kz