Бақа оқиғасы

Скачать

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы,
№3 Қ. Қошмамбетов атындағы орта мектебінің
қазақ тілі пәні мұғалімі Дуржанова Бибисара

Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаев Менің атым Қожа
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Повесть кейіпкерлеріне мінездеме беру, проблемалық сұрақтар арқылы повестің негізгі идеясын ашу.
2. Дамытушылық: Оқушыларды шығармашылыққа баулу, оқушылардың ой - өрісін, қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, өнер туралы, актер туралы ұғымдарын кеңейту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды үлкенді сыйлай білуге, үлгілі болуға, тәртіптілікке, адамгершілікке тәрбиелеу, өнерге қызығушылығын ояту, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, жазушы портреті, шығармалар жинағы.
Сабақтың типі: Қорытындылау сабағы.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушыларды 2 топқа бөлу:
1 - топ Тұлпар
ҰРАНЫ: Асау тұлпар, желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.
2 - топ Сұңқар
ҰРАНЫ: Ал, достарым, бұл сынақта қалыспа,
Содан кейін қыран болып қалықта.
Сабақтың барысы:
Қызығушылықты ояту:
1 - сұрақ: Бердібек Соқпақбаев қашан, қайда туылған?
2 - сұрақ: Бердібек Соқпақбаевтың қандай шығармаларын білесіңдер?
3 - сұрақ: Повесть дегеніміз не?
Баяндау түрінде қара сөзбен жазылған оқиғаны көркем шығарманың түрін повесть дейміз. Ол көлемі жағынан әңгімеден ұзақтау, романға жақындау болады.
4 - сұрақ: Повестің басты кейіпкері кім? Басқа кейіпкерлерін де ата.
5 - сұрақ: Повестің тақырыбы не туралы?
6 - сұрақ: Шығарманың негізгі идеясы неде?
Өткен сабақтарда біз әңгіменің мазмұнымен, кейіпкерлерімен таныстық. Ал, бүгінгі сабағымызда әңгімені жан - жақты талдап, қорытындылау үшін сіздер екі топқа бөлініп отырсыздар. Өздеріңізге берілген тапсырманы толық, нақты орындауға тырысыңыздар. Ендеше, сәттілік тілей отырып сабағымызды бастаймыз.
Слайд: Бердібек Соқпақбаев
Мағынаны тану
Балалық шаққа саяхат (Маршрут слайд бойынша көрсетіліп отырады)
1 - бағыт: Қожаның ауылы
Мотоциклмен барамыз(суреті). Қожаның тажал деп атайтын сыры көше бастаған, жағал - жағал үш дөңгелекті, Қаратайдың көкшіл көне мотоциклімен.
Ол үшін мына тапсырмаларды орындауымыз керек.
Тапсырма: Мәтінмен жұмыс (Мазмұнын айту)
1.... Менің атым
2. Кикілжің қалай басталып еді? Ағаттық аяқ астында (Рөлдегі оқушылар)
3. Бір сәтті кез
4. Бақа оқиғасы. Ағаттықтың азабы
5. Педсовет. Түбі адам болатын бала
6. Құпия кеңес. (Рөлдегі оқушылар)
2 - бағыт: Лагерь
Автобуспен барамыз(слайд)
Ән: Туған жер (фильмнен)
Тапсырма: Семантикалық карта Иесін тап
1 - топқа
Кейіпкер сөзінен
үзінділер Қожа Жантас Майқанова Сәйбек ата Әжесі
Сені мұғалім етеміз дей ме?
Түбі адам болатын бала
Үстелді айнаның алдына неге қойдың?
Кімге болса да бір әке әбден керек
Бірақ сен тізімде жоқсың
2 - топқа
Кейіпкер сөзінен
үзінділер Анфиса
Михайловна Жантас Майқанова Сәйбек ата Миллат
Қайда кимелеп барасың?
Онда тіпті жақсы. Жалақың көп болады
Жүрген жеріңе шөп шықпағыр боп барасың ғой
Ұйықтап қалғансың ба? Тоқта, галстугыңды түзе!
Сен көшедегі иттерді тәртіпке салуға ауылда қалатын болдың
3 - бағыт: Жайлау
Атпен барамыз (слайд)
Бір атқа екі ер ерттеп мінген қазақты мен бұған дейін көрген жоқ едім. Сұлтанның мына ақылы, шынында да ойға қонымды, қызық көрініп кетті. Салдым ерді оның артына. Мінгестім.
Атқа жайдақ мінгеннен де бұл тамаша болады екен. Аяғың салақтамайды, әркімнің өз үзеңгісі бар
Тапсырма: Топтастыру
1 - топ: Қожа - жақсы бала
Сұрақ: Қожаның әдепті жолға түсуіне қандай себептер болды?
– Анасын аялау
– Сәйбек қарт, Оспановтар айтқан естеліктер
– Майқанова мен Ахметовтың педкеңестен шығып бара жатқанда айтқан сөздері.
2 - топ: Қожа – тентек бала
Сұрақ: Қожаның сотқар болуына қандай себептер болды?
– Әжесінің еркелетуі
– Әкесін сағынуы
– Зеректігі
– Жантас сияқтыларды жек көру
– Өзінің менмендігі
Тапсырма: Кім көп біледі? Мақал - мәтелдер жарысы
(Баланың жаман және жақсы қасиеті туралы мақал - мәтелдер айту)
- Ұлдың ұяты әкеге
Қыздың ұяты шешеге
- Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ананың қарызынан құтылмайсың.
Түсіндірме сөздік (слайд бойынша) дәптерге жазу:
• Шілдехана – сәби туған күні өтетін той
• Турник – гимнастика ойынын ойнайтын жұмыр болаттан жасалған зат
• Прилавка – дүкеннің сөресі.
• Секемшіл – сезіктенгіш, қауіптенгіш, үрейленгіш.
• Даңғаза – ретсіз сөйлеген сөз, ың - жың, у - шу.
• Аруақ – өлген ата - бабалардың рухы.
• Күнәһар – кінәлі, кінәсі бар.
• Галифе – тізеден жоғарғы жағы делдиіп, тар балақ жағы етік ішіне енген шалбар.
• Шідер – аттың алдыңғы екі аяғы мен артқы бір аяғына салатын қайыстан, я жіптен істелген тиекті тұсау.
• Оппа – қалың борпылдақ, бос қар.
• Әменде – әрдайым, әмісе, үнемі, қашанда.
• Фундамент – үй қабырғаларының табаны болатын іргетас.
• Форточка – үйдің ауасын жаңартқанда пайдаланатын терезенің ашылмалы көзі.
• Кесепат – кесір, кесірлі, қырсық, пәле.
• Құпия – жасырын, астыртын.
• Қаулы – ұжымның немесе жиналыстың шешімі.
4 - бағыт: Малшылар тойы
Атпен барамыз(слайд) Мұнда көліксіз күнің күн емес, серіксіз одан да жаман.
Тапсырма: Рөлдегі оқушылар
1 - топ: Лагерьге жолдама
2 - топ: Құпия кеңес
Ой толғау
Тапсырма: Эссе: Егер мен Қожаның орнында болсам...
5 - бағыт: Шөпшілер қосы
Машинамен барамыз(слайд). Ертесіне өзіміздің колхоздың екі тонналық бір машинасы жем алып келе қалған екен. Шофері Қайыпжан дейтін ақ көңіл жақсы жігіт. Соның қасына кабинаға отырып, жайлаумен хош айтысып, тартып отырдым.
Тапсырма: Қай топ ұғымтал? 9 жұмбақ
1. Бұл қай сәт?
“Төбемнен жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Ох, шіркін, ай!”
2. Бұл қай сәт?
“Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін.”
3. Бұл қай сәт?
“Маңдайдан буым бұрқырап, есік алдына шықтым. Сәйбек көрінбейді.
Омырауымды ағытып, желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен - ақ шығара ма?”
4. Бұл кім?
“ Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап - сыпсыңдағыш.”
5. Бұл кім?
“Мен сенің әкеңе қарыздыгер адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, бақандай бір қарасы жүр.”
6. Бұл кім?
“ Галифе шалбар киген жіңішке аяқтары сидиып, шашы қақ жарыла желбіреп, қаздиып тұр.”
7. Бұл кім?
“Шыбыным, әйтеуір ешкімге тимей, ұрынбай, жайыңа жүр. Сенің тентектігіңді менен басқа ешкім де көтермейді. Біреудің ала жібін аттаушы болма.”
8. Бұл кім?
“ Жаңа оқытушы бізді оқу жылының басталуымен құттықтады, өзін таныстырды:...”
9. Бұл кім?
“Сен оқуды тастасаң, маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен - ақ жет. Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың. Сонда маған шапағатың тиер.”
6 - бағыт: Менің атым Қожа фильміне саяхат(үзінді көрсетіледі)
Ұшақпен барамыз(слайд)
Тапсырма: Менің білетінім (Кино кейіпкерлері)
1. Кейіпкер туралы әңгімеле?
2. Бұл қай жерде болып еді?
3. Кейіпкерлер туралы қандай оқиғаны білесіз?
4. Қашан, кіммен кездесті?
Үйге тапсырма: “Бақытты шақ - балалық”
Бағалау.


Скачать


zharar.kz