Ақынмын деп тарсылдатар кеудесін,
Мені жұртым, мейлі, ақын демесін.
Жазғаныма сын айтып, ұнатпасаң
Кешіріңдер, Мұқағали емеспін.
Мұқағали емеспін, бұйырмаңдар айыпқа,
Бірақ біздің жанымыз бір өлең атты қайықта.
Жасырамыз бар сезімді жүрек атты қайыққа
Қағаз бенен қолымдағы қалам куә
Ашылмаған жүректегі жайытқа.
Мұқағали емеспін, Райымбекті жырлаған,
Емеспін мен ақынсымақ ,өзге жырын ұрлаған.
Бірақ та мен үнемі шабыт алып,
Сол Мұқаңның өлеңімен нұрланам.
Мұқағали бар әлемді уатқан,
Сәби болып бар әлемді қуантқан.
Жапырақ жүрек,жас қайыңды дүр сілкіп
Замананы бір көтеріп шулатқан.
Бала шақтан болашаққа аттанған,
Аққулары Жетім көлде шаттанған.
Қазақ рухын асқақтатып аспанға,
Райымбекті жырға қосып мақтанған.
Өткен өмір толы болды азапқа,
Жетелеген қазақ халқын ғажапқа.
Жүректерді тербеген өлеңімен
Мұқағали дара тұлға қазақта!