Бойға бала қалай бітеді?
Бойға баланың бітуі əйел ағзасындағы аналық клетканың ұрықтануының нəтижесінде жүзеге асады. Жыныстық қатынас кезінде еркектің жыныс мүшесінен əйел қынабына миллиондаған аталық ұрық (сперматозоид) түседі. Олардың барлық бөлігі əйел жатырына енбейді. Жатырға енген сперматозоидтар жатыр түтігіне қарай көтеріледі. Жатыр түтігінің кең тұсында (ампулада) ұрықтануға қатысады. Нəтижесінде тек бір немесе екі (екі ұрықты егіздер болатын болса) аталық ұрық қана аналық клетканы ұрықтандырады.
Бірақ бұл əрбір жыныстық қатынастан жүкті болып қаласыз деген сөз емес. Бұл көбінесе белгілі бір күндерге байланысты. Бұның не үшін осылай болатынын жақсы түсіну үшін алдымен əйелдер физиологиясының кейбір ерекшеліктерін еске түсірген жөн.
Ұрықтанған күйінде аналық клеткалар аналық жыныс безінде бастапқы кезінен сақталып қалады. Олардың мөлшері өте көп – шамамен 300 мыңға жуық. Бала туатын жастағы əйелдерде əр ай сайын бір аналық клетка (кейде екі не одан да көп) ұйқысынан оянғандай түрленіп тұрады, одан соң қоймасын тастап, жаңа адамға өмір беру үшін аталық ұрықпен кездесуге дайындалады.
Аналық клетканың аналық жыныс безінен құрсақ аймағына шығуы овуляция деп аталады. Жаңа аналық клетканың овуляцияға дайындығы аналық жыныс безінің ішінде өтеді. Ол етеккірдің алғашқы күнінен басталып, орта есеппен екі аптаға созылады. Пісіп жетілген аналық клетка жатыр түтігіне түседі. Осы овуляция басталған күн – ұрықталуға қолайлы күндердің бірі.
Табиғат - Ана адамзаттың көбеюінің көптеген мүмкіндіктерін туғызған. Біріншіден, аналық клетка ұрықтану мүмкіндігін овуляциядан кейін екі күннен бес күнге дейін сақтайды. Екіншіден, əйел ағзасына түскен аталық ұрық та сол сияқты, аналық клеткамен кездесу сəтін күтіп, үш күнге дейін өмір сүреді. Əр етеккір кезеңінің 11 - 12 күні жыныстық қатынастың нəтижесінде бойға бала біту бақытын сыйлайды.
Ұрықтанбаған аналық клеткамен не болатынын бəрі де біледі: етеккір кезінде ол ағзадан жатырды төсеп тастайтын (эндометрияның функционалдық қабатымен) шырышты қабықпен бірге сыртқа шығарылады.