Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы,
№21 жалпы білім беретін орта мектеп КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Тусупбекова Лаззат Естаевна
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз н мен ң (179 – 183 жаттығулар)
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға екі дыбыстың айтылуының өзгеше екенін білдіре отырып, оларды сөздерде дұрыс айту мен жазуға үйрету жұмысын жалғастыру, тапсырмалар орындау;
2. Топтастыру, жинақтау, сөйлеу шеберліктерін қалыптастыра отырып, ой - өрістерін жетілдіру, дыбыстық жүйе туралы білімдерін арттыру;
3. Оқу білімге деген құштарлықтарын арттыра отырып, құстарға қамқор бола білуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндірмелі, талдау - жинақтау, т. б.
Көрнекілігі: құстардың суреттері, сызбалар
Жаңа технология: интерактивті тақта
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды сабаққа дайындау
2. Үй тапсырмасын тексеру: құраған әңгімелерін 3 - 4 оқушыға оқыта отырып тексеру
3. Өткенді пысықтау: Дауыссыз дыбыстардың түрлерін еске түсіру
4. Жаңа сабақ: (Жаңа сабақты 179 - жаттығудағы М. Жұмабаевтың өлеңімен ашу)
Қарағым оқу оқы, босқа жүрме! Ойынға, құр қаларсың, көңіл бөлме.
Жасынан оқу оқып, өнер қуған Жан жетпес көңілі жүйрік кемеңгерге...
- Міне осындай өлең жолдары арқылы қазақтың өршіл ақыны М. Жұмабаев балаларды оқуға, білімге шақырған екен. Олай болса, сабағымызды одан әрі қарай жалғастырайық.
- Баллар қазір жылдың қай мезгілі? Күзде құстар тіршілігінде қандай өзгеріс болады? Олар жылы жаққа ұша бастайды. Ал, ұша алмай көмекті қажет етіп жүрген құстар бар екен. Ол қай құс екен? І слайд:
- Бұл – аққу. Аққу туралы не білесіңдер? Аққу жалғыз жүрмейтін құс. Бірақ ол достарынан адасып қалып қойыпты. Оған жолды көрсету үшін мына тапсырманы орындауымыз керек: ІІ слайд:
180 - жаттығу: көп нүктенің орнына н, ң әріптерінің тиістісін қойып көшіріп жаз:
Еңбекті... на... ы тәтті, Жалқауды... жа... ы тәтті.
- Міне аққу да өз достарына баратын жолды тауып ұшып кетті. (анимация арқылы аққуды ұшыру) ІІІ слайд:
- Енді бізден қарлығаш та көмек сұрап тұр екен. оның қанаты жараланып ұша алмай қалыпты. Біз мына тапсырманы орындасақ. Қанаты жазылуына көмек болады екен.
182 - жаттығу: жұмбақты көшіріп жазып, Үңгірде сөзіне дыбыстық талдау жасау:
Қара үңгірде қара тас, қызуы бетті қаратпас. (Тас көмір)
- Міне, қарлығашта қанаты жазылып ұшып кетті. (анимациямен қарлығашты ұшырып жіберу)
- Біздің құстарға көмектесіп жатқанымызды естіп, тырна да көмек сұрап келіпті. Ол да құстардың тобынан қосылу үшін мына тапсырманы орындау керек дейді:
181 - жаттығуды басшылыққа ала отырып, ІV слайдтағы тапсырманы орындау:
Әңгелек, шеңгел, дөңгелек, ертеңгілік, үңгір, мәңгі,
Жасырынып тұрған сөздерді тауып, тырнаға да көмектестік. Кәне осы сөздерге сөйлемдер құрап жазайықшы. (сөйлемдер құратып, ң әрпі бар сөздердің астын сызу) V слайд:
- Балалар, орман емшісі тоқылдаққа да көмек керек екен. Ол жылы жаққа ұшу үшін
ормандағы ағашты құрттардан тазалап ету керек дейді. Мына тапсырмаларды орындасақ, ағаштағы құрттардың біразы тазаланады екен. Терме диктант: (н әрпі бар сөздерді жазу)
Дана, аламан, аңшы, жантақ, қаңбақ, нар, жаңбыр, зындан, сынап, жыңғыл, наным.
- Балалар, бізге шымшық та құстарға көмек бергеніміз үшін алғыс айтып, мына суретті сыйға ала келіпті.
Сюжетті суреттермен жұмыс: оқушылар сурет бойынша сөйлемдер құрайды.
- Міне, құстарға да көмек беріле отырып, біраз тапсырмалар да орындалды. Оларға келесі көктемге дейін қош сау болыңдар, елімізге аман - есен оралыңдар деген тілек айтайық!
10. Қорытынды:
- Бүгінгі сабақта не үйрендік? Не білдік?
- Сонымен н мен ң дыбыстарының айтылуында қандай өзгешелік бар екен? н мен ң әрпінің қандай жазылу ерекшелігі бар екен? Бірнеше мысалдар келтірте отырып, сабақты қорытындылау;
6. Үйге тапсырма
Бағалау