АҢДАТПА
Ұлттық баскиім. Сәукеле атты ғылыми зерттеу жұмысының негізгі мақсаты қазақтың ұлттық бас киімдерінің ерекшеліктеріне, ерлер мен әйелдердің бас киімдерінің әр түрлілігіне қысқаша сипаттама беріп, сәукеленің ерекшеліктеріне тоқталу болып табылады. Жұмыс бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын арттырып, бас киімдердің қолданысын, ерекшелігін өздігінен оқып тануға жол көрсетуді көздеген.
Бұл жұмыс кіріспеден, екі тарау және қорытындыдан тұрады. Ғылыми зерттеу жұмысы үш кезеңді қамтыды. Кіріспе бөлімінде ғылыми жұмыс аппараты баяндалған, екі тарауды қамтыған негізгі бөлімінде Тақияның түрлері мен тігу жолдарына тоқталып, бас киімдерге қатысты ырымдар мен тыйымдар жинақтау кезеңі және соңғы кезеңі – зерттеудің алғашқы екі кезеңі негізінде жұмысты жинақтау, қорытындылау болды.
Қорыта айтсақ, ұлттық бас киімдердің керемет ерекшеліктері мен элементтерінің мәнін терең ашу арқылы балалардың ұлттық киімдерге деген қызығушылықтарын арттыруға болады. Ұлттық бас киімдерді осылайша талдау арқылы оқушылардың білімін жетілдіруге өз үлесімізді қосамыз деген ойдамыз.
Қалижан Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебінің
3 сынып оқушысы Әсембай Ділназ
Ұлттық баскиім. Сәукеле атты ғылыми зерттеу жұмысы
Жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі: Жомартова Назым Нурхасымовна