Сабақтың тақырыбы: Қазақстан, АҚШ, Ұлыбританияның танымал адамдары
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап, әңгіме.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Қазақстан, АҚШ, Ұлыбританияның танымал адамдарымен таныстыру және білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу, тыңдап - түсіну, ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелеушілік: Оқушылардың бойында өз елінің танымал тұлғалары мен тарихына деген мақтаныш сезімін тудыру, өзге елдердің талантты тұлғаларына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Пән аралық байланыстар: география (§6, 27 - 31,§35, 149 - 153) шетел тілі.
Көрнекілік құралдар: мультимедиалық құрал, әйгілі ақын - жазушыларға, ғалымдарға шығарылған буклеттер, тақырыптық қабырға газеті Outstanding people , сөзжұмбақ Outstanding people .
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы
38 жалпы орта білім беретін мектеп - лицей КММ
Ағылшын тілі пән мұғалімі Талгатбекова Назгуль Калыковна