Халық күйі

Скачать

Махамбет Жұмыр қылыш (4 класс)
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Махамбет өмірімен және оның Жұмыр қылыш күйімен таныстыру.
ә) Тәрбиелік: Оқушыға Махамбет күйлері арқылы ұлттық сезімін оятып, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Елін, жерін сүюге, Отан алдындағы өз парызын айқын сезіне білетін ұрпақ тәрбиелеу.
б) Дамытушылық: Оқушыға аспапты дұрыс меңгертіп, сол аспапта ойнау шеберлігін арттыру
Күйді талдай отырып, нақышына келтіре орындап, күйді түсініп тарту.
Көрнекілігі: Домбыра аспабы, сөзжұмбақ, үнтаспа, автор портреті, батырлық туралы, музыка туралы қанатты сөздер, күй жинақтары.

Сабақтың өтілу барысы: 1. Ұйымдастыру
а) Оқушымен амандасып, сабаққа кіргізу.
ә) Сабаққа қажетті құрал – жабдықтарды алып, оқушыны сабаққа дайындау.
б) Аспаптың құлақ күйін келтіріп, оқушыға беріп, дұрыс отырғызу.

2. Үй тапсырмасын тексеру
а) Мәди Үш қара жатқа сұрау.
Қате жерлері болса түзеп және динамикалық белгілерімен қайта тарттыру.
Осы шығарманы күйсандықтың сүйемелдеуімен оқушыға санатып, бөліп-бөліп ойнату.
ә) Өткен сабақты қайталау
Ә. Желдібаев Ерке сылқым
Бұл күйді де өз нақышына келтіре орындап беруін сұраймын. Тартып болған соң күйдің
екінші дауысына өзім қосылып, арасын үзбей тарту.

3. Жаңа сабақты меңгерту
Жаңа сабақты Махамбеттің мына өлеңімен бастауды жөн көрдім.
Мен, мен, мен едім
Олай болса қазір сөзжұмбақ шешейік, арнайы торкөздерде бүгінгі өтетін күйіміздің авторының есімі берілген.
1. И. С. Бах шығармасы
2. Құрманғазының күйі
3. Келіншек , Кеңес күйлерін шығарушы
4. Қазанғаптың күйі
5. М. Қоқымбаевтың күйі
6. Динаның күйі
7. Халық күйі
8. С. Тұрысбековтің күйі

Мұғалім: Тілекина. Ш.


Скачать


zharar.kz