Мысалдар келтіре отырып, оқушының оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту

Скачать

Сабақ тақырыбы: Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы
Сабақ мақсаты:
1. Оқушылардың өзара белсенді – интерактивті өздік таным әрекеттерін ұйымдастыру арқылы қысым тақырыбын меңгерту.
2. Мысалдар келтіре отырып, оқушының оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
3. Оқушылардың есептеу дағдыларын жетілдіруге дұрыс әрі тез есептеуге, бір – бірінің пікірін дұрыс тыңдап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақ түрі: дәстүрлі
Сабақ әдісі: сұрақ – жауап, тірек - сызбалар арқылы, кесте толтыру, есептер шығару, көрнекіліктермен жұмыс, тест жұмысы.
Жаңа технология: оқу мен жазу арқылы Сын тұрғысынан ойлауды дамыту стратегиясы
Сабаққа қажетті құрал - жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,
Техникалық құрал - жабдықтар: компьютер, видеопроектор
Пәнаралық байланыс: дене тәрбиесі, халық педагогикасы, информатика, математика
Күтілетін нәтиже:
• Оқушылардың таным әрекеттері арқылы қысым тақырыбын түсінеді;
• Қысым формуласын қолданып есеп шығара алады;
• өлшем бірліктерді еселік жүйеге келтіре алады;

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
- Оқушылармен амандасу;
- Good morning children! қайырлы таң балалар
- How are you getting on? Қалыңыз қалай?
- I'm glad мұны естігеніме ризамын
- Thanks you, sitdown рахмет, отырыңыздар
- Сыныпты формула құрастыру арқылы екі топқа бөлу; Тығыздық Ауырлық күші
ρ=m V
Fa=mg
(Бүгін бізде күндегіден өзгеше сабақ. Дәптерімізді ашып, күннің жадын ағылшын тілінде жазайық.)

ІІ. Масса және күш тарауы бойынша өтілген материалдарды еске түсіру.
1) Кім білімпаз? ойыны арқылы қайталау сұрақтары беріледі. Қай топ оқушылары жылдам, әрі дұрыс жауап берсе, сол топқа 1 жетон беріледі.
Денелердің инерттілігінің өлшемі - масса
Заттың тығыздығы - сол зат көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шама
Деформация - дене пішімінің немесе өлшемдерінің өзгеруі
Деформацияның неше түрі бар және қандай? 2 түрі бар серпімді, пластикалық
Гук заңы - F= kx
Ауырлық күші - денелердің жерге тартылу күші
Еркін түсу үдеуі қаншаға тең? 9, 8 Н кг
Үйкеліс күші - Fүйк=μN

2) Сәйкес формуланы табу

Жайық негізгі жалпы білім беретін мектебі
Өткізген: Дюсенова А. Е.


Скачать


zharar.kz