Сабақтың тақырыбы: Бастауыш
Сабақтың мақсаты: Бастауыш туралы түсінік алады. Сөйлемдегі бастауышқа сұрақ қоя білеуге үйренеді.
Міндеттері:
1.Мазмұнына байланысты міндет:Тапсырмаларды орындау арқылы қимыл иесі болатын сөздерді тауып, оған сұрақ қойып үйренеді.
2. Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет:Оқушылардың ой-өрісі артады, пікірлеріалмасады.
3.Топтық міндет: Оқушылар өз ойларын қорғай білуге үйренеді.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Ой ашар, топпен жұмыс “Еркін жазу”, “Кезікпен қайталау”, ойын.
Сабақтың көрнектілігі:Суреттер топтамасы, ребус, адасқан бастауыш ойыны.
Бағалау Ойды еркін жеткізе білдіруіне байланысты.
Сабақтың құрылымы.
І Қызығушылықты ояту
Оқушыларды түгендеу, Шаттық шеберін құрып тілек айту.
Біз көркембіз, қанағатпыз,
Шуақ шашқан күндейміз
Еркеміз естіміз.
Келешектің гүліміз.
Биыл қандай жыл? Олай болса бізге қоян жылы келді.
Ой ашар 20-жаттығу Ереже жаттау.
Айдана әдемі жазды. Олар дала шықты. Сиыр су ішті. Кезекші тақта сүретті. Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
Ребус шешу.
1 6 сандық 4 аю уық ыдыс шелек
Б а с т а у ы ш
Мағынаны тану
Ережесі: Қимыл іс-әрекет иесін білдіретін сөзді бастауыш дейміз. Бастауыштар Кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімі? Несі? Деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Жәния дайындалды. Борн соқты. Ауылдан әкесі келді.
Тақтамен жұмыс.22- жаттығу
Жел соқты. Бұлт қоюланды. Жаңбыр себеледі. Оқушы оқыды. Малшы бақты. (Ережені сұрау)
Топпен жұмыс.23- жаттығу
Мұғалім түсіндірді. Мұз қатты. Күн шықты.
Лақ маңырады. Сәкен оқыды.
Сұрақ Заттың қимыл, іс әрекетін білдіріп тұрған сөзді тап. Оған сұрақ қой.
Жатқа жазу 24- жаттығу
Дала тегіс сарғайды,
Шаруа қысқа дайындалды.
Күн қысқара бастады,
Тауға тұңғыш қар жауды.
(Күз)
Шығармашылық жұмыс.
Білім неден аламыз?
Кітаптан
Білімді қайдан аламыз?
Мектептен
Қазақ балаларына алғаш рет мектеп ашқан ағартушы, ақын, жазушы кім?
Ы.Алтынсарин.
Біздің мектебіміз кімнің есімімен аталады?
Ы.Алтынсарин.
Биыл Ы.Алтынсарин атамыз 170жасқа толады.
Бізге Ы.Алтынсарин атамыздың әңгімелері өлендері таныспа?
Алғашқы оқуға, білімге шақырып жазған өлеңі қалай аталады?
Кел, балалар оқылық өлеңі жатқа айту.
Ойын “Адасқан бастауыш”
Арыстан боздайды. Түйе мөңірейді. Жылқы ақырайды. Қой кісінейді. Сиыр маңырайды.
Түйе боздайды. Қой маңырайды. Арыстан ақырады. Жылқы кісінейді. Сиыр мөңірейді.
Бастауышты тап.
Ойлан, тап. Ауызша 27- жаттығу
1.Жерді соқамен жыртады.
Дәнді дән сепкішпен себеді.
Егінді комбайнымен жинайды.
2. Комбайнымен егінді жинайды.
Соқа жерді жыртады.
Дән сепкіш дәнді себеді.
Еркін жазу. 28- жаттығу
Өз еркілерімен сурет таңдап әңгіме жазу. Оны қорғау.
Міне қоянның бізге жасырған сұрағына жеттік.
Сұрақ: Қазақстан өз егемендігін қай жыл алды?
-1991 жылы 16 желтоқсан айында
Олай болса биыл неше жылдығын тойлаймыз?
-20 жылдығын тойлаймыз.
Сурет көрмесі: Оқушылардың 20 жылдыққа байланысты салған суреттерін көрсету.
Бүгін қандай тақырыппен таныстық?
Ой толғаныс
Бастауыш дегеніміз не?Оның сұрақтарын ата?
Үйге: 25- жаттығу. Ережені жаттау.
Бағалау.