Тұлғадан ерекше қатпарлы – шапанша (мантия) түзіледі. Тұлға мен шапанша аралығында шапанша қуысы болады, ал шапаншаның үстіңгі бетінен бақалшақ қалыптасады. Зәршығару жүйесі бір немесе екі бүйректен және несепағар түтіктен құралған. Зәршығару жүйесі мен жыныс тесіктері және артқы ішектің аузы шапанша қуысына ашылады. Жүйке жүйесі жүйке түйіндерінен тұрады. Қантарату жүйесі ашық. Асқорыту жүйесі күрделі. Ауыз тісшелері - үккі тілге және жұтқыншаққа жалғасады. “Бауыр“ асқорыту безі аузы қарынға ашылады. Жүректе бір немесе екі құлақша, бір қарынша болады. Құрлықта тіршілік ететін ұлулар өкпемен тыныс алады.
Басаяқтылар класының негізгі ерекшеліктері қандай?
Жоғарлы құрылымды, өте ірі жәндіктер. Бақалшағы жойылып кеткен.
Олардың денесі бастан және тұлғадан құралады
Оның шеміршекті бассүйегінде ми орналасады
Олар тісті киттердің, акулалардың, ескекаяқтылардың қорегі
Аяғы\қармалауыштары\ басында болғандықтан қандай класқа жатқызады?
Топтық жұмыс
І топ – Сегізаяқтың құрылысы, қозғалуы, қоректенуі, мінез – құлығы мен биоценоздағы ролі және практикалық маңызы
ІІ топ – Кальмардың құрылысы, қозғалуы, қоректенуі, мінез – құлығы мен биоценоздағы ролі және практикалық маңызы
ІІІ топ – Каракатица құрылысы, қозғалуы, қоректенуі, мінез – құлығы мен биоценоздағы ролі және практикалық маңызы
Блум таксономиясы
Ойлау деңгейлері ------------ Сұрақтар ---------------- Жауаптар
Білу. Ұлуларды зерттейтін ғылым қалай аталады?
Түсіну. Басаяқты ұлулардың маңызын түсіндіріңіз
Қолдану. Сегізаяқ, кальмар және каракатицаның құрылысындағы ерекшеліктерді дәлелдеңіз
Талдау. Басаяқты ұлулардың биоценоздағы рөлі мен практикалық маңызын талдаңыз
Жинақтау. Сегізаяқтың құрылысын сипаттаңыз
Бағалау. Ұлулардың адам үшін маңызы неде?